Жыландар үйлерге кіріп кеткен – құтқарушылар шұғыл әрекет етті

Тараз, Шымкент қалаларында және Алматы облысының Амангелді ауылында тұрғындар жеке үйлерінен жылан көрген, деп хабарлайды Malim.kz.
Тұрғындар 112 құтқару қызметіне хабарласқан.Оқиға орнына дереу жеткен Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары арнайы құралдардың көмегімен үш жыланды ұстап алып, оларды елді мекеннен алыс, қауіпсіз жерге жіберді.
Құтқарушылар тұрғындарға жылан байқалған жағдайда бірден үй-жайды босатып, жануарды оқшаулап, 112 нөміріне қоңырау шалуды ескертеді. Мамандар жыланды өз бетінше ұстауға тырысу өмірге қауіпті екенін айтады.
Фото: ТЖМ

Ең көп оқылған
