Шахаров, шық! Аналарды алдама!

Жанар Қожанова

  • 29.10.2020

Ақтөбенің көпбалалы аналары қалалық әкімдік алдында наразылықтарын білдірді.Қала әкімі Асхат ШАХАРОВТЫ  іздеп келген олар көшедегі алаяқтар емес, әкімдіктегілер  алдап соқты дейді. «Бизнес бастау» жобасымен екі ай кәсіпкерлікті оқыған аналар кәсіп ашуға қайтарымсыз берілетін грант нағыз мұқтаждарға емес, кім көрінгенге үлестірілді деп ашулы. Өйткені 555 000 теңге  алғандардың ішінде не көпбалалы, не мүгедек баласы бар ана жоқ. Комиссияның шешіміне күманданатын аналар шенеуніктерден жарты миллион теңгелік грантты алған адамдардың тізімін көрсетсін деп талап етті.

555 000 теңгелік грантты  даулап келгендер жаңа кәсіп ашпақшы болғандар. Бірі шаштараз, бірі тігін шеберханасын ашамын, енді бірі ешкі бағып сүтін  сатамын деп армандапты. Шенеуніктер бізді алдап, арманымыздың күл талқанын шығарды дейді.

«Қорама мал ұстаймын. Яғни ешкі шаруашылығымен айналысамын деп бизнес жоспарымды өткізгенмін. Былай болады деп ойлаған жоқпын. Сонда грант кімге кімдерге беріледі? Мен көпбалалы анамын. Қамқоршылыққа алып отырған балам да бар. Кәсіпкерлік бастау үшін грат алған адамдар шын мұқтаж болса, араларында көпбалалы аналар болса айтпайдыма. Әділеттілік қайда? Соған ашынып тұрмыз» ,-дейді бес баланың анасы Ақмарал ШҰМАҒАЛИ.

Үйде отырған аналарды кәсіпкерлікке екі ай оқытқан биліктегілер грант әлеуметтік көмек алып отырған көпбалалы, мүгедек баласы бар аналарға беріледі деп үміттендірген екен. Жиналғандар сол грат қаржысы шенеуніктердің таныс-тамырларына берілді деп күмәнданады. Оған себеп грант иеленгендердің тізімі жарияланбаған..

«Бізге 45 адам ұтты деді. Бірақ тізімді көрсетпей тығып отыр. Ұтқандар мүмкіндігі шектеулі жандар болса біз ештеңе демейміз. Оның ішінде «мәке-сәкемен» кетіп қалғандар көп деп ойлап тұрмыз. Барлығы заң аясында болса тізімді әлеуметтік желілерге таратсын. Немесе  қолымызға берсін. Біздің талабымыз сондай. Міне қаншама ана тұр. АСП аламыз, бәріміз көпбалалы анамыз, үйде отырмыз. Арнайы курсты оқыр алдында сіздерге қолдау көрсетеміз деп айтты», –дейді көпбалалы ана Лалагүл.

Осылай іштеріндегі бар назын айтамыз деп Асхат Шахаровтың өзін іздеп келген аналар балуан әкімді орнынан таппай қалды. Әлде татамиден қорықпаған чемпион әкім ел алдына шығуға сескенді ме екен. Есесіне көпбалалы аналардан әбден шошып қалған шенділер жиналғандарды ішке шақырумен әуре болды. Бес минут өтпей қалалық жұмыспен қамту орталығы  басшысынан бастап, жас кәсіпкерлерге грант үлестіріп берген комиссия мүшелеріне дейін шақыртып үлгерді. Алайда жауаптылар комиссия әділетсіз шегім шығарған жоқ деп отыр.

«Бұл жерде ешқандай да өзінің адамы, басқаның адамы деген жоқ. Ондай болуы мүмкін емес. Себебі әрбір комиссия мүшесі өзінің таңдауын жасайды. Сосын дауыс беріледі. Өз адамы дейтін «может прозвучит грубо», менің тумам жоқ, туысым жоқ. Комиссия мүшелері ауылшаруашылық бөлімінен бар, Атамекеннен бар, екі адам аудан әкімшілігінен бар, депутаттардан бар»,-  деді Ақтөбе қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Мақпал ТҰРМАҒАНБЕТОВА.

Әкімдіктегілер аналарды жылдың аяғы болған соң бюджетте қалған жетпіс –ақ миллион теңгені  тек 45 адамға үлестіріп бердік. Алдағы жылға мол қаржы бөліп, грант иелерінің санын да көбейтеміз деп жұбатты. Сөздерінше кәсіпкерліктің қыр сырын оқыған аналардың қолындағы сертификат үш жылға  жарамды. Сондықтан бұл жолы көмек ала алмаған аналар келесі жылдың грантына да  қатыса алады дейді.

Фото автордікі.

Байланысты жаналықтар

4 млрд бөлінсе де ақтөбелік оқушылар компьютерсіз отыр

05.10.2020

ASSYLTAS қоры жүздеген отбасыға көмек көрсетті

29.04.2020

Ақтөбеде дәрігерлер митингіге шықты

10.04.2020

Баланы ұрған тәрбиеші жауапқа тартылмайтын болды

29.09.2020

Ақтөбелік 250 жұмысшы наразылыққа шықты

03.12.2020

Дағдарыс орталығы. Бес баламмен үйден, күйеуімнен қашып шықтым

18.02.2021
MalimBlocks
4 млрд бөлінсе де ақтөбелік оқушылар компьютерсіз отыр

ASSYLTAS қоры жүздеген отбасыға көмек көрсетті

Ақтөбеде дәрігерлер митингіге шықты

Баланы ұрған тәрбиеші жауапқа тартылмайтын болды

Ақтөбелік 250 жұмысшы наразылыққа шықты

Дағдарыс орталығы. Бес баламмен үйден, күйеуімнен қашып шықтым