«Қытайлар айлығымызды көтермесе ереуіл тоқтамайды»

Жанар Қожанова

  • 29.01.2021

Ақтөбе облысында жалақыларын 100 пайызға өсіруді талап еткен мұнайшылар бүгін бесінші ереуілге шықты. Наразылыққа шыққан “КМК Мұнай” компаниясының 200-ге жуық  жұмысшысшыларына  бүгін мастерлер мен бригадерлер де қосылыпты.

«Қаладағы үлкен бастықтар, компанияның вице-президенті инженерлік- техникалық құрамға “үш күнге келіп, жұмыс тоқтатпай, жұмысшылардың орнына жұмыс істей тұрыңдар, сол жақты бақылаңдар” деп айтқан. Енді бұлар да бүгін жұмыстарын тастады. Жұмысшылармен біргеміз деп бізге қосылды. Өйткені мәселемізді ешкім шешкен жоқ. Олар да біздің талабымыздың орындалғанын сұрап тұр. Қазір 230 адам тұрмыз», - дейді Руслан есімді мұнайшы Мalim.kz сайтының тілшісіне.  

Мұнайшылардың айтуынша кенішке жіберілген инженерлік техникалық құрамды қазандықтарды, ұңғымаларды бақылап отыруға шақырған. Қазір кеніште жұмыс толық тоқтаған.

«Бастықтар бұл жаққа енді кімді жіберетіндерін білмей жатқан шығар. Әзірге ешқандай жаналық жоқ. Бес күннен бері не қытайлық компанияның басшылары не облыс әкімдігінен бірде бір адам келген жоқ. Мәселемізді ешкім келіп тыңдамады. Біз аяғына дейін барамыз. Талап орындалмайынша жұмысқа шықпаймыз», -дейді бес күннен бері ереуілдеп тұрған Мұстафа есімді мұнайшы

Бұған дейін мұнайшылардың   қытайлық  «КМК Мұнай» компаниясына қойған төрт талаптарын жазған болатынбыз. Біріншісі –жалақыларын жүз пайызға өсіру. Екіншісі – жататын жерлерін кеніштен алыстау жерге көшіріп, асханадағы ас мәзірін жақсарту. Үшіншісі – кәсіподан жұмысы, ал соңғысы- басшылықтан көретін қысымды тоқтату.

Фото автордікі. 

Байланысты жаналықтар

Мұнайшылар аштық жариялады

26.01.2021

Алтын мен мысы көп ауылда мектеп жоқ

14.01.2021

Ақтөбеде 100 адам 120 мың шошқаға қарсы шықты

13.01.2021

Шалқарда жүзге жуық жұмысшы митингіге шықты

12.01.2021

Ақтөбелік 250 жұмысшы наразылыққа шықты

03.12.2020

Әкім Шахаровтың шаруасын жастар істеп жүр

05.11.2020
MalimBlocks
Мұнайшылар аштық жариялады

Алтын мен мысы көп ауылда мектеп жоқ

Ақтөбеде 100 адам 120 мың шошқаға қарсы шықты

Шалқарда жүзге жуық жұмысшы митингіге шықты

Ақтөбелік 250 жұмысшы наразылыққа шықты

Әкім Шахаровтың шаруасын жастар істеп жүр