Еңбекшіқазақ ауданында Түрген өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты туристер эвакуацияланып жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.
Тасқын су Түрген – Ассы автожолын және өзен жағасында орналасқан 6 киіз үй мен «Тургенсай» демалыс аймағын су басқан. Осыған байланысты туристік нысандар мен демалыс аймақтарындағы адамдар қауіпсіз жерге көшірілуде.
Сондай-ақ қолдан жасалған жаяу жүргіншілер көпірлері ішінара бүлінген.
Бұдан бөлек, Үлкен Алматы каналы (ҮАК) бойындағы автожолдың 54-шақырымындағы көпірдің су өткізу құрылысының маңын су шайып кеткен. Бұл көпір 2024 жылы апатты деп танылған болатын.
Жағдайды үйлестіру үшін жедел штаб құрылды.
Оқиға жергілікті әкімдіктің бақылауында.