freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Венесуэладағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 2295-ке жетті

Әлем
Венесуэладағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 2295-ке жетті
Reuters

Венесулада болған жойқын жер сілкіністерінен қаза тапқандар саны 2295 адамға жетті. Бұл туралы елдің Ұлттық ассамблеясының төрағасы Хорхе Родригес мәлімдеді.

Бұл туралы Cadena SER басылымы хабарлады. 

Соңғы мәлімет бойынша, 11 267 адам жарақат алған, ал 12 841 тұрғын баспанасыз қалған.

Іздеу-құтқару жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Оған ұлттық және халықаралық құрамдағы 4 мыңнан астам құтқарушы жұмылдырылған. Осы уақытқа дейін олар үйінді астынан 6,4 мыңнан астам адамды аман алып шыққан.

Хорхе Родригестің айтуынша, негізгі жер сілкінісінен кейін елде 782 афтершок тіркелген. Алайда соңғы күндері олардың жиілігі мен қарқыны біртіндеп бәсеңдей бастаған.

Сондай-ақ билік табиғи апат орнында тонаумен айналысты деген күдікпен төрт полиция қызметкерінің ұсталғанын хабарлады.

Венесула үкіметі елде жеті күндік ұлттық аза тұту жариялады.

Қазіргі уақытта Венесулаға ондаған мемлекет көмек көрсетіп жатыр. Құтқару операциясына 51 шетелдік делегацияның 3,7 мыңға жуық маманы мен 148 іздестіру иті қатысуда.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу