Түрксіб ауданындағы жекеменшік үйлердің бірінде ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Malim.kz Kazinform-ға сілтеп.
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, полиэтиленге оралған мәйіт үй жертөлесінде болған. Оқиға орнына полицияның жедел-тергеу жіберіліп, марқұмның жеке басы анықталған.
— Алдын ала мәлімет бойынша ол үй мен пәтерге жөндеу жұмыстарын жүргізумен айналысқан және қайғылы оқиға болған күні осы үйде болған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері үй иесін ұстады. Оның түсініктемесіне сәйкес, ер адам мән-жайы әзірге анықталмаған жағдайда жарақат алған. Алайда болған оқиға туралы шұғыл қызметтерге хабарлап, көмекке жүгінудің орнына, тергеу нұсқасы бойынша, үй иесі мәйітті жертөлеге жасырып қойған, — деп хабарлады департаменттен.
Аталған дерек бойынша қазір адам өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды. Сот-медициналық сараптаманы қоса алғанда бірқатар кешенді сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның барлық мән-жайы тексеріліп жатыр.