Митинг өтті дүркіреп

Қанат Тілеухан

  • 31.10.2020

Бүгін Алматыда Шоқан Уәлиханов ескерткішінің маңында саяси реформалар мен саяси тұтқындарды босатуды талап еткен рұқсат етілген митинг өтті. Жиналғандар диссидент-ақын Арон АТАБЕК, қоғам белсендіcі Макс БОҚАЕВ бастаған азаматтарды босатуды және саяси реформалардың іске асыруды талап етті.

Митингіге қоғам белсенділері, оппозицияшыл саясаткерлер, аймақтан келген белсенділер қатысты. Митинг ұйымдастырушылары - құқық қорғаушылар Ғалым Ағелеуов пен Бақытжан Төреғожинаға қала билігі бұл митингіні өткізуге рұқсат етті. Митингіге келушілерді полиция бақылап, қауіпсіздікті қамтамасыз етіп тұрды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен құрылған Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде өзгертіледі делініп, талқылаудан кейін қабылданған "Бейбіт шерулерді ұйымдастыру және өткізу" туралы заңға өзгеріс енгізілген соң, митинг өткізу үшін бұрынғыдай қала билігінен рұқсат сұрау керек емес. Бірақ митингінің өтетіні жергілікті билікке алдын ала хабарлануы керек

Саяси реформаларды талап еткен митингіге жүзге жуық адам жиналды. Белсенділер қолдарына саяси қуғынға ұшырағандардың фотолары мен талап-тілектері жазылған плакаттармен шықты. Митинг бастала салысымен ұйымдастырушылар мен белсенділер саяси қуғынға ұшыраған тұтқындар мен таяуда ұсталған белсенділердің аты-жөндерін оқып шықты.

[caption id="attachment_8906" align="alignnone" width="1280"] Митингіні ұйымдастырушылар мен сөз сөйлеген белсенділер[/caption]

Митингінде саясаткер Зәуреш БАТАЛОВА, экономист Айман Тұрсынхан, режиссер Еркін Рақышев, оралдық «Уральская неделя» басылымының редакторы Лұқпан Ахмедияров, қоғам қайраткері Ермұрат БАПИ, ЖСДП партиясының өкілі Айдар Әлібаев бастаған демократияшыл тұлғалар сөз сөйледі.
«Қазақстанда нақты саяси реформалар жасалуы тиіс. Бізге қос палаталы парламент керек емес. Сайлауға бір мандатпен де түсетін жүйені қайтару керек», - деді саясаткер Зәуреш Баталова.

[caption id="attachment_8907" align="alignleft" width="1280"] Митнгіде саяси тұтқындарға бостандық талап етілді[/caption]

Құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина қазіргі күні саяси көзқарас үшін қуғындалып жатқандардың тізімін оқыды. Олар: Қуат Уәлиев, Динара Мүбарак, Ербол Есқожин, Айбек Сәбитов, Анна Шөкеева, Нұрбол Өнерхан және т.б. Рұқсат етілген митингіде әкімдік өкілдері, медицина қызметкерлері болды. Полиция тек сырттай ғана бақылап тұрды. Митингіге жиналғандардың барлығына сөз берілді.

[caption id="attachment_8908" align="alignleft" width="1280"] Митингіге қатысқандар саяси тұтқындардың портреттері мен ұран жазылған плакаттарды ұстап тұрды[/caption]

Митингіде  қоғам қайраткері, белгілі журналист Ермұрат Бапи де сөз сөйлеп, өзгеріс жасаудың жалғыз жолы митингілер екенін айтты.
«Қазақтар беларусьтардан, қырғыздардан кем емес. Біз де өзіміздің болашағымыз үшін күресе аламыз. Нақты саяси реформаларды жүзеге асыру үшін митингілерге шығу керек. Сайлауға дейін де, сайлаудан кейін де. Біз әділдікке, бостандыққа митингілер арқылы ғана жете аламыз», - деді Ермұрат Бапи.

Митингіге Оралдан келген журналист, "Уральская неделя" басылымының редакторы Лұқпан Ахмедияров "саяси тұтқындар, шын мәнінде, қылмыс жасаған жоқ, өз ойын ашық айтқаны үшін қудалауға ұшырап қамалды" деді.

[caption id="attachment_8911" align="alignleft" width="1280"] Лұқпан Ахмедияров[/caption]

Сағат он екі мен үштің арасында өтеді деп жоспарланған митинг жарты сағат бұрын аяқталды.

Фотолар автордікі. 

Байланысты жаналықтар

Дулат Ағаділдің асына бармақ болған белсенділерді жаппай қамап жатыр

05.08.2020

«Оффлайн оқитынымызды білген соң, пәтерақыны көтеріп жіберді» - студенттердің шағымы

27.08.2021

Алматыда оқу жылы басталғалы бері 89 оқушы вирус жұқтырған

09.09.2021

"Еңбекке жарамсыз": Есімовтің отставкаға кеткені рас па?

21.03.2021

Қырғызстандағы митингіде 19 полиция жарақаттанған

03.03.2020

Рұқсат берілген 34 жолаушылар пойызының бағыты белгілі болды

11.06.2020
MalimBlocks
Дулат Ағаділдің асына бармақ болған белсенділерді жаппай қамап жатыр

«Оффлайн оқитынымызды білген соң, пәтерақыны көтеріп жіберді» - студенттердің шағымы

Алматы студенттері жалдамалы пәтер құнының шарықтап кеткенін айтып, шағымдануда. Студенттердің дәстүрлі форматта оқитыны белгілі болған соң, пәтерақы шамамен 30 пайызға артқан, ал жатақханаларда орын жоқ. Мұны айтқан білімгерлердің көбі әлі пәтер таппай, таныстарының үйін жағалап жүр. Malim.kz тілшісі студенттермен сөйлесіп, оқиғаға қатысты маман пікірін сұрап көрді.

Алматыда оқу жылы басталғалы бері 89 оқушы вирус жұқтырған

"Еңбекке жарамсыз": Есімовтің отставкаға кеткені рас па?

Қырғызстандағы митингіде 19 полиция жарақаттанған

Рұқсат берілген 34 жолаушылар пойызының бағыты белгілі болды