Көші-қон әлеуметтік дүмпулердің алдын алады

  • 22.10.2020
  • Malim Админ

Бүгін президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ ішкі миграцияны қолдау мақсатында оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударушыларға берілетін жәрдемақыны көбейтуді тапсырды. Сондай-ақ, мемлекет басшысы ішкі көші-қонның тиімділігін атап өтті. Бұл туралы МӘЛІМ КЗ сайты хабарлайды.

«Ел ішіндегі миграциялық үдерістерді реттеу ісінің тиімділігін арттыра түсу қажет. Бұл ең алдымен азаматтарымызды еліміздің оңтүстігінен солтүстігіне көшіруге қатысты. Осы мәселеге Ұлттық кеңесте бірнеше рет көтерілді. Оны кешенді түрде шешу үшін: біріншіден, электронды еңбек биржасының базасында бірыңғай ақпараттық ресурс: enbek.kz құру керек. Көшіп барушылар мемлекеттің көрсететін қолдауы жөніндегі барлық ақпаратты тікелей әрі жедел алу қажет;екіншіден, қазіргі көшуге қатысты мәселелерді оңайлатқан жөн. Мемлекет мигранттарға барынша қолайлы жағдай жасауға тиіс. Жақында мен жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысында болдым. Бұл өңір демографиялық өсімі ең баяу аймақтың бірі болғанымен, қоныс аударушыларды тарту жағынан жақсы нәтиже көрсетіп отыр. Аймақта көшіп келушілерге арналған жаңа тұрғын үйлер салынып жатыр. Сонымен қатар, коммуналдық инфрақұрылым дамып, әртүрлі әлеуметтік нысандар бой көтергенін көрдім. Мигранттарды ынталандыратын қосымша шара ретінде оларға берілетін жәрдемақының мөлшерін екі есеге, яғни отыз бес АЕК-ке дейін көбейткен жөн деп санаймын. Үкіметке бір айдың ішінде осы мәселені зерттеп, тиісті шешім қабылдауды тапсырамын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында.

Саясаттанушы Әзімбай ҒАЛИ президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ кезінде басталған ішкі көші-қон жұмыстарының жалғасып жатқаны позитивті үдеріс дейді.

«Қазақстан отар елге айналмай тұрғанда еркін көшіп-қонып жүрді. Кейін солтүстік өңірлер өзге ұлт өкілдеріне толып кетті. Тоқсаншы жылдардың басында төрт жүз мыңға дейін адам атамекендеріне қоныс аударды. Жолы, мәдениет үйі, мектеп, ауруханасы бар ауылдар бос қалды. Бір адамы жоқ ауылдар қалды қаңырап. Екі мыңшы жылдардың басында жаппай көшу тоқталды. Қазір оңтүстіктен елді солтүстікке қоныстандыру сепаратизм қаупін азайтады. Түптеп келгенде бұл шекара бүтіндігі үшін қажет», - дейді саясаттанушы Әзімбай Ғали МӘЛІМ КЗ сайтының тілшісіне.

Саясаттанушы бұл процесстер әлеуметтік һәм экономикалық тұрғыдан да тиімді дейді.

«Солтүстікке көшкен жұртқа жәрдемақы көбеймек. Және жұмыс пен үй алу тұрғыдан тиімді ұсыныстар бар. Бұл бұқараның тұрмысына оңтайлы. Батыс пен оңтүстікте халық тығыз. Осыдан диспропорция пайда болды. Шабындыққа, жайылымға, бақшаға егетін жерге талас пайда болары заңдылық. Енді көші-қон арқылы осындай әлеуметтік дүмпулердің алды алынады. Шындығын айтайықшы қазір халық ауылдан ауылға көшкісі келмейді. Ауылдан қалаға қоныстануға ықыласты. Ал жәрдемақының көбейю енді оңтүстік ауыл халқының солтүстіктегі елді мекендерге көшуіне мотивация береді», - дейді саясаттанушы Әзімбай Ғали.

Саясаттанушының дерегінше Қазақстанан жыл сайын 30-40 мың адам көшіп кетеді. Олардың көбі славян ұлтының өкілдері дейді. Әзімбай ҒАЛИ шетелдерден келетін этникалық қазақтарды бірден Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарына қоныстандырып тастаса дейді.

Қазақстанның ресми ақпараты осы күнге дейін бір ғана Солтүстік Қазақстан облысына Түркістан, Жамбыл, Алматы, Маңғыстау, Қызылорда облыстары мен Елордадан екі мың адам көшкенін хабарлайды. Олардың барлығы да үйлі және отбасы мүшелері жәрдемақы алған екен.

2017-2019 жылдар аралығында солтүстік өлкеге 5 119 отбасы яғни  18 379 адам қоныс тепкен. 2020 жылдың бірінші қаңтардағы есеп бойынша Қазақстанның солтүстіктегі Қостанай облысында  868, 5 мың, Павлодар облысында 752,3 мың болса, Солтүстік Қазақстан облысында 548,8 мың адам тұрады екен.

С. Назарова

Фото: Мәлім кз

Байланысты жаналықтар

Еуразиялық экономикалық интеграция өзінің толық деңгейіне жетті

24.04.2020

Әкімдердің есебі: «Жағдай тұрақты, кезек жоқ»

28.07.2020

«Қазақконцерт» ұйымы «Жер сағаты» бүкіләлемдік акциясына қатысты

28.03.2021

Өңір өміріндегі өнер сапары

19.12.2020

Карантин ұзартылды. 42 500 теңге төлене ме?

30.07.2020

Балық аулаудың да тәртібі бар

29.09.2020