Қарағанды коронавирусқа қарамай дамыпты

Malim Админ

  • 03.11.2020

Қарағанды облысы коронавирус дағдарысына қарамастан әлеуметтік-экономикалық өсімін дамытып  жатыр екен. Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек «Время» басылымына даму тоқтамаған аймақтың жетістіктерін айтып беріпті. Кең сұхбатты ықшамдап беруді жөн көрдік. Мәселен, әкімнің айтуынша, өнеркәсіптік өңірде  2019 жылмен салыстырғанда биыл 103 пайыз өсім бар екен. Ал өңдеу өнеркәсібінің қарқыны  4,5 пайызға көтеріліп кетіпті.  Сондай-ақ, бұған дейін бидайды тартынып егетіп өңір биыл миллион гектардан астам жерге астық егіпті. Сөйтіп, егін шықпайды деген өндірісті аймақ астықты өңірлермен иық тіресіп, миллион тоннаға жуық өнім алыпты. Әкімнің сөзіне қарағанда Жеңіс Қасымбек Қарағандыға басшы болып барғалы өңірге тартылатын инвестицияны да көбейтпесе, азайтпаған. Мәселен, ол бүй дейді:

­- Өткен жылы «Сарыарқа» газ құбырына 200 миллиард теңгеден астам бюджеттік инвестиция тартылған еді. Оны есептемегенде биыл біздің өңірдің инвестиция көлемі шамамен 700 миллиард теңге болып тұр. Оның - 83 пайызы жекеменшік инвестициялар. Бұл бағыттағы жұмыс Қарағанды облысындағы инвестициялық ахуал тартымды әрі тұрақты екенін көрсетеді. Пандемияға қарамастан бізге ірі инвесторлар келіп жатыр. Биыл 12 жаңа жоба іске қосылады. Жалпы қазір аймақта 2 триллион теңгеден асатын 40-тан астам жоба жүзеге асырылуда. Жалпы инвестиция туралы әңгіме қозғағанда біз түрлі салаларды айтып тұрғанымызды айта кеткім келеді. Мұнда машина жасау, тау-кен жабдықтарын өндіру, ферроқорытпалар, бірқатар ауылшаруашылық жобалары, мысалы, сүт фермасы, ет өңдеу және тағы басқа маңызды салалар қамтылуда.

Дегенмен, әкім шағын және орта бизенс коронавирус дағдарысында көтерем боп қалғанын мойындапты. Бірақ, бәрібір бәрі  жақсы дегенге салады:

- Кәсіпкерлер бұрын-соңды мұндай сынақпен ешқашан бетпе-бет келіп көрген емес. Мейрамханалар, кафелер, қоғамдық тамақтану орындары мен кинотеатр иелерінің, көлік қызметі мен әртүрлі сауда саласындағы азаматтардың алдында үлкен қиындық туындады. Бірақ мемлекет тарапынан да қолдау болғанын айта кету керек: салықтар, өсімпұлдар бойынша төлемдерді жыл соңына дейін шегеру шаралары қарастырылды. Банк қарыздары мен коммуналдық төлемдер кейінге қалдырылды. Мемлекеттік органдар мен ұйымдар кәсіпкерлерден нысанды жалға алу бойынша ақы алмайды. Жеке пәтер иелері де жағдайды ескере отырып, жалдау ақысын азайтты, кейбірі тіпті ақы алудан бас тартты. Біз карантин шектеуі жағдайында бұл компаниялардың санитарлық нормаларды сақтай отырып жұмысын жалғастыруына рұқсат беруге тырысамыз. Сонымен қатар, мен Қарағандының ШОБ-ы мықты болып шыққанын ерекше атап өткім келеді. Осынау қиын кезеңде көптеген кәсіпорындар балама шешімдерді таба білді. Мысалы, біз қашықтан жұмыс істеуге көштік, ал жеткізу қызметіне деген сұраныс тіпті артты. Электрондық сауда бес есе өсті. Бұл өте жақсы үрдіс, өйткені осылайша бизнес көлеңкеден шығады, қосымша салықтар түсе бастайды, адамдардың жалақысы ашық болады. Сондай-ақ, осы кезеңде аймақтарға «Жұмыспен қамтудың жол картасы», «Ауыл - ел бесігі», «Еңбек» және басқалары сияқты мемлекеттік бағдарламалар да көмектескенін атап өту керек.

- Денсаулық сақтау саласы да едәуір сынға ұшырады. Өткен жазда тіркелген оқиғаларға жол бермеу үшін аймақ деңгейінде қазір қандай шаруалар атқарылып  жатыр?

- Әлемнің көптеген мемлекеті бұл індетке дайын болмай шықты. Бөлінген қаржыны денсаулық сақтау инфрақұрылымын нығайтуға пайдалану үшін біз басқа салалардағы бюджет шығынын едәуір қысқарттық. Биыл біз облыс бойынша 70-ке жуық медициналық мекемені жөндедік. Жезқазғанда жаңа модульді аурухана салдық, барлық жұқпалы аурулар ауруханаларын ретке келтірдік, томографтардың санын көбейттік, қарашаның соңына дейін олардың саны 21-ге жетеді. Клиникаларда 24 оттегі стансасы орнатылды, палатаға оттегі беретін жабдықтар жеткізілуде. Бізге Денсаулық сақтау министрлігі өкпені жасанды желдету бойынша үлкен қолдау көрсетті. Олар бүгін де жеткілікті. Облыстағы 40-тан астам аурухана пневмонияны емдеуге дайын. Жалпы алғанда біздің ауруханаларға бес мыңға дейін пациенттерді орналастыру мүмкіндігі бар. Қарағанды облысында ауыр науқастар немесе өкпені жасанды желдеткішке мұқтаж науқастардың қазір жоқтығын атап өткім келеді. Бұдан біз қарағандылықтардың жауапкершілік пен сақтықты сезінетінін байқаймыз. Біздің дәрігерлердің біліктілігі жеткілікті әрі пандемиямен күресуде жақсы тәжірибеге ие екенін атап өткім келеді. Сонымен қатар Қарағандыда алғашқы толқын кезінде үлкен көмек көрсеткен керемет медициналық университетіміз бар. Жұмысқа жоғарғы курс студенттері, интерндер мен оқытушылар тартылған еді.

- Қарағанды облысында жаңа тұрғын үйге, әсіресе көпбалалы отбасыларға және басқа да әлеуметтік осал азаматтар тарапынан үлкен қажеттілік бар. Аймақта құрылыс секторының жандана түскені байқалады. Бірақ таяу арада кезекті едәуір қысқартып, мұқтаж отбасылардың барлығына пәтер беру мүмкін бе?

- Кейінгі кезде біздің облыстың тұрғындары арасында жинағын астананың жылжымайтын мүлігіне салу үрдісі болған. Соңғы 3-4 жылда біз тек облыс орталығында ғана емес, бүкіл өңір бойынша жаңа аудандарды сала бастадық. Осыған орай қазір тенденция өзгере бастады. Өткен жылы облыста жалпы аумағы 427 мың шаршы метр болатын баспаналар салынды. Ал биыл біз бұл көрсеткішті шамамен 600 мың шаршы метрге жеткіземіз. 1 800 пәтерді әр түрлі қорлардың есебінен көпбалалы отбасыларға береміз. Ірі кәсіпорындар да қолдау көрсетеді. Мәселен, өткен аптада ғана Балқашта «Қазақмыс» компаниясы 65 пәтер бөлді. Екі-үш жыл ішінде құрылыс қарқыны 15-20 пайызға өседі деп жоспарлап отырмыз.

- Қарағандыда жеке тұрғын үй салуға жер учаскелері беріліп жатыр. Әйтсе де дағдарыс кезінде екінің бірі жеке жер учаскесінде құрылыс жұмысын жүргізе алмауы мүмкін ғой...

- Иә, соңғы 7-8 жыл ішінде жеке тұрғын үй салу үшін жер учаскелері іс жүзінде берілмеген. Себебі бұған дейін көптеген учаскелер инфрақұрылымсыз берілген болатын. Бұған мысал ретінде Қарағандыдағы «Күнгей» шағын ауданын алуға болады. Бүгінгі күні Қарағанды қаласының әкімдігі жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін инженерлік желілерден кейін ғана беру мәселесін бірінші орынға қойып отыр.

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қыркүйек айындағы Қазақстан халқына жолдауында қоршаған ортаны қорғауға ерекше назар аударды. Қарағанды облысы - өндірістік аймақ, мұнда қоршаған ортаның ластануына нақты үлес қосатын өнеркәсіп алпауыттары бар. Олар жаңа экология кодексінің нормаларын қаншалықты сақтайды деп ойлайсыз?

- 2025 жылға қарай ірі кәсіпорындар зиянды шығарындыларды 30 пайызға төмендетеді деп жоспарлануда. Жаңа кодекс оларды экологиялық ережелерді сақтауға шақырады, әйтпесе олар шығарындылар үшін айыппұлды көбірек төлейтін болады. Бұл кәсіпорындардың басшылығы шығарындыларды азайтуға мүдделі және жабдықты жаңартуға қаражат салады. «Сарыарқа» газ құбырының Қарағандыға қосылуын ескере отырып, кәсіпорындар өндірістің бір бөлігін көмірден газға көшіреді. - Президент мемлекеттік қызметті қайта жүктеп, мемлекеттік аппараттың штат санын едәуір қысқартудың уақыты келгенін атап өтті.

- Қарағандының қанша шенеунігі жұмыссыз қалды?

- Әзірге қызметкерлерді қысқарту туралы актіге қол қойылған жоқ. Біздің облыста 3,5 мың мемлекеттік қызметкер жұмыс істейді. Биыл олардың 10 пайызы қықартылады. Келесі жылы - тағы 15 пайыз. Мемлекет басшысының бұйрығы орындалады.

 

 

Байланысты жаналықтар

Әйгілі актриса ескерусіз қалмасын!

01.01.2022

Мыңбаевтың орнына Сауранбаев барды

08.04.2021

«Рухани жаңғырудың» жобасы емеспіз

28.01.2021

Заманбек Мақпалға тегін үйленген жоқ

01.11.2020

Қарағандыдағы қазба байлықты шетел компаниялары анықтамақ

18.02.2020
MalimBlocks
Әйгілі актриса ескерусіз қалмасын!

Есімі елге кеңінен белгілі, өнерін халық іздеп жүріп көретін актер Бекжан Тұрыс Мәдениет министрі Ақтоты Райымқұлова мен Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбекке өте орынды ұсыныс жасап отыр

Мыңбаевтың орнына Сауранбаев барды

«Рухани жаңғырудың» жобасы емеспіз

Заманбек Мақпалға тегін үйленген жоқ

Қарағандыдағы қазба байлықты шетел компаниялары анықтамақ