Мал қора маңындағы мектеп

Абай Нұржанұлы

  • 04.11.2020

Қызылорда облысыынң басшысы Гүлшара ӘБДІХАЛЫҚОВА мен Шиелі ауданы әкімі Қамбарбек МҮБӘРӘКОВ Ақтам деген ауыл барын біле ме?

Қызылорда облысында оқушылар мал қоралардың маңындағы екі бөлмелі мектепте оқып жатыр. Саусақпен санарлықтай балалар білім алатын шап-шағын білім ұясы Шиелі ауданының Ақтам ауылында орналасқан. Бірақ кішкентай мектепте заман талабына сай интерактивті тақта, мультимедиалық кабинет, тіпті балалар ойнайтын алаң атымен жоқ.

Шиелі ауданынан әрірек 15 шақырымдай жердегі Ақтам ауылындағы мектепті мектеп деп айтуға келмейді. Ескі үйдің төбесіндегі көк ту ғана өзге жатаған тамдардан ерекшелендіреді. Айналас амал қора,  шарбағы шеңгелден, кішкене ғимараттың өзі де әбден ескірген.

Шеңгелмен қоршалған аулада ойнауға арналған ештеңе болмағандықтан оқушылар үзіліс кезінде қуаласпақ ойнайды.

Қоңырауы қолмен соғылатын мектепке цифрландырудың әзірге ауылы алыс секілді. Өйткені 6 оқушы оқитын білім ұясына білім бөлімінен тек жалғыз түйір планшет бөлініпті.

«Сабақ беретін кезде қиындығы бір сыныпта 1-ден 4-ші сынапқа дейінгі оқушылар отырады. 40 минутта бүкіл сыныпқа сабақты сұрап та, түсіндіріп те үлгеруім керек. Негізі бөлек-бөлек оқығаны дұрыс қой»,-  дейді мұғалім Сандуғаш КЕРШЕБАЕВА.   

Ал тиімділігі әр баламен жеке жұмыс істеуге мүмкіндік бар дейді барлық пәннен сабақ беремін деген ұстаз. Оқушылар аз болғанымен бұл мектепте 4 мұғалім бар. Тіпті 3 техникалық қызметкер де бөлінген. Ал білім бөліміндегілер  мұнда тек бастауыш сынып оқушылары ғана оқитынын айтады.

Шиелі аудандық білім бөлімі басшысының орынбасары Дәурен  НӘСІБЕКОВТЫҢ айтуынша, Ақтамда халықтың өсімі жоқ. Оқушылар 5-сыныптан жоғары қарай аудан орталығындағы интернатқа ауысады екен.

Бұл ауылда 50-ден аса жан тұрады. Көбі мал бағып күнелтіп отыр. Ал 2, 3 және 4-сыныптың оқушылары қуықтай бөлмеде әзер сыйысып оқып жатқан ескі ғимаратқа күрделі жөндеу қажет. Бірақ жыл өткен сайын жойылып бара жатқан ауыл облыс басшылығының назарына ілігер емес.

Фотолар автордікі. 

Байланысты жаналықтар

Жаңа тағайындалған орынбасар әкімнің жерлесі  

27.07.2023

Соғыстан кейін Совет әскері қайыр тілеп кетті

09.05.2022

Ағасы кетті, інісі келді, баласы «өсіп» келеді – Мәшбек әулеті

07.04.2022

Жалғыз әйел әкім орнынан кетті

07.04.2022

Арал ауданында төтенше жағдай жарияланды

14.07.2021

Қызылорда шенеуніктері дәрігерлерді құрметтемей ме?

21.05.2021
MalimBlocks
Жаңа тағайындалған орынбасар әкімнің жерлесі  

Қызылорда облысы әкімінің орынбасары төрт ай толар-толмас уақытта қызметінен кетсе, жаңа келген орынбасар жерлесі болып шықты.

Соғыстан кейін Совет әскері қайыр тілеп кетті

Ағасы кетті, інісі келді, баласы «өсіп» келеді – Мәшбек әулеті

Бердібек Сапарбаев - Назарбаев дәуірінде қалыптасқан, әкім болудан рекорд жасаған шенеунік. Қазір зейнет жасында. Бүгін Жамбыл облысы әкімі қызметінен босатылды. Бірақ, ол құрған отбасылық династия рекордсмен әкімнің орнын жоқтатпайтын сияқты...

Жалғыз әйел әкім орнынан кетті

Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Арал ауданында төтенше жағдай жарияланды

Қызылорда шенеуніктері дәрігерлерді құрметтемей ме?