Саусақтарын шауып тастаған: әйелін өлтірмек болған мұғалімге қатысты тың дерек шықты

Қызылорда облысы Шиелі ауданында балтамен әйелін бірнеше рет ұрып, саусақтарын шапқан мектеп мұғалімі қамауға алынды

Сұлу Бөлек

  • 23.04.2025

Қызылорда облысы Шиелі ауданында балтамен әйелін бірнеше рет ұрып, саусақтарын шапқан мектеп мұғалімі қамауға алынды. Оған “адам өлтіруге оқталу” бабымен іс қозғалған. Үш күннен бері жансақтау бөлімінде жатқан 42 жастағы әйелдің жағдайы әлі де ауыр, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі Информбюроға сілтеме жасап. 

Жантүршігерлік оқиға Шиелі ауданына қарасты Бала би ауылында болған. Өз әйелін балталаған мұғалімнің әрекетіне тұрғындар да, мектептегі ұжымдастары да әлі сене алар емес.

Күдікті 21 жыл бойы білім ордасында биология пәнінен сабақ берген. Педагогтар бұған дейін маманның оғаш қылығын көрмедік деп ақтап отыр. 

“Ол арақ ішпейді, темекі шекпейді. Намаз оқиды. Ондай тәртіпсіздік, келеңсіздікпен ескерту алған емес. Уақытша класс жетекшілікке ұсынып жүрдік. Соңғы уақытта класс жетекші болған жоқ”, – деді №50 орта мектеп директорының орынбасары Райхан Жанқошова.

Қылмыс мұғалімнің өз үйінде болған. Күдікті балтамен 42 жастағы әйелінің бірнеше жерінен жарақат салған. Саусақтарын шауып, өткір құралмен басынан ұрған. 

Мамандар үш күн бұрын ауыр жағдайда жеткізілген келіншек әлі де жансақтау бөлімінде емделеді дейді.

“Келгендегі жағдайы өте ауыр. Диагнозы – политравма. Миының соғылуы ауыр дәрежесі. Оң қолының 2,3,4 саусақтарының ашық сынығы. Екі қолының да ашық сынығы. Маңдай сүйегінің сынығымен жеткізілді”, – деді Шиелі аудандық көпбейінді ауруханасының бас дәрігері Алмас Әбілпатта.

Отбасылық жанжалға күйеуінің жұбайының Астана қаласындағы жұмыс орнына баруға қарсы болып, қызғанғаны себеп болуы мүмкін. Бірақ бұл дерек әлі расталмады. Ал полицейлер күдіктіні өз баспанасында қолға түсіріпті.

“Полициямен “адам өлтіруге оқталу” дерегі бойынша күдіктінің ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасуда. Өзге мәліметтер жарияланбайды”, – деді Шиелі аудандық полиция бөлімінің басшысы Болатхан Мұқанов.

Қамауға алынған 44 жастағы азамат пен жұбайының бес баласы бар. Кенжесінің жасы төртте. 

Еске салсақ, бұған дейін қызылордалық мұғалім адам өлтіруге оқталды деген күдікпен ұсталғаны айтылды. 

Фото: Видео кадры

Байланысты жаналықтар

Қызылорда облысында келін енесінің үстінен сотқа арызданды

13.05.2025

30 жастағы мұғалім жұмысбастылықтан көз жұмды

06.05.2025

Ташкентте 10-сынып оқушысына сезімін білдірген 61 жастағы мұғалім сотталды

04.05.2025

Шиеліде оқушы қызды зорлау ісі бойынша тергеу басталды

29.04.2025

Семейде мұғалім сабақ үстінде оқушы қызға тиіскен - видео

28.04.2025

TikTok-та жер сілкінісін болжаған астролог қамауға алынды

27.04.2025
MalimBlocks
Қызылорда облысында келін енесінің үстінен сотқа арызданды

30 жастағы мұғалім жұмысбастылықтан көз жұмды

Ташкентте 10-сынып оқушысына сезімін білдірген 61 жастағы мұғалім сотталды

Шиеліде оқушы қызды зорлау ісі бойынша тергеу басталды

Оқиғаның қай мектепте болғаны айтылмады

Семейде мұғалім сабақ үстінде оқушы қызға тиіскен - видео

TikTok-та жер сілкінісін болжаған астролог қамауға алынды