Мұғалім кісі өлтіруге оқталды деген күдікке ілінді

Қызылорда облысында биология пәнінің мұғалімі әйелге аяусыз шабуыл жасады деген күдікке ілінді​​​​​​​

Сұлу Бөлек

  • 21.04.2025

Қызылорда облысында биология пәнінің мұғалімі әйелге аяусыз шабуыл жасады деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі. 

Бұл оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады. Мәліметке сүйенсек, ер адам жұбайына балтамен шабуыл жасаған. Оқиға Қызылорда облысы Шиелі ауданының ауылдарының бірінде болған.

Аудандық білім бөліміндегілер ақпаратты растады: күдікті мектепте биология пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеген. Оның педагогикалық өтілі - 21 жыл.

Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, кісі өлтіруге оқталу дерегі бойынша күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Тергеу жүріп жатыр. Бұл іс департамент басшылығының бақылауында. 

Шиелі аудандық ауруханасы ақпаратына сүйенсек, 42 жастағы жәбірленуші 19 сәуірде ауыр жағдайда ауруханаға түскен және қазір жансақтау бөлімінде.

Фото: polisia.kz

Байланысты жаналықтар

Қызылорда облысында келін енесінің үстінен сотқа арызданды

13.05.2025

Израильдің Газаға жасаған шабуылынан 10 палестин азаматы қаза тапты

11.05.2025

Үндістан мен Пәкістандағы қазақстандықтар эвакуациялана ма? СІМ жауабы

08.05.2025

Үндістанның Пәкістанға жасаған әуе шабуылынан 31 адам қаза тапты

08.05.2025

Үндістан Пәкістанға шабуыл жасады

07.05.2025

30 жастағы мұғалім жұмысбастылықтан көз жұмды

06.05.2025
MalimBlocks