457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қызылорда облысында келін енесінің үстінен сотқа арызданды

Қызылорда облысында келін енесінің үстінен арызданған, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Қазалы аудандық сотында Ұ.-ға қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қаралды.

"Сотта Ұ. келіні А.-ға былапыт сөздер айтып, үй тыныштығын бұзғаны анықталған. Сотта жәбірленуші А. енесі тарапынан ауыр сөздерді көтере алмай арыз түсіргенін көрсетіп, оған жаза қолдануды сұраған", - деп жазылған хабарламада.

Ұ.-ның әрекеті сотта зерттелген іс құжаттарымен толық дәлелденген.

Қазалы аудандық сотының қаулысымен Ұ. ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған ескерту түрінде әкімшілік жаза қолданылған.

Фото: Pixabay.com