Шиеліде оқушы қызды зорлау ісі бойынша тергеу басталды
Оқиғаның қай мектепте болғаны айтылмады

Қызылорда облысының Шиелі ауданында 8-сынып оқушысын мектеп оқушыларының зорлағаны туралы ақпаратты құзырлы органдар растады.
Бұл жағдайға байланысты тергеудің құпиялылығы мен кәмелет жасына толмаған жас қыздың болашағына алаңдаушылық туындауына байланысты оқиғаның қай мектепте болғаны жарияланбайды. Қазіргі уақытта аудандық полиция бөлімі тарапынан тергеу жүргізіліп, нәтижесінде кінәлі деп табылған адамдар заң аясында жауапқа тартылатынын хабарлаймыз, – делінген Шиелі аудандық білім бөлімінің Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми жауабында.
Бұл оқиғаны облыстық ішкі істер департаменті де растады.
Полиция тарапынан зорлау дерегі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Іс полиция департаментінің ерекше бақылауында. Қылмыстық процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді, – деді департамент бастығының бірінші орынбасары Оралбек Омаров.
Фото: Smartnews.kz