Еркебұлан Мүсіреп дүниеден озды

  • 10.11.2020
  • Malim Админ

Қазақстанның Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, профессор, Қостанай облысы Қарабалық ауданының құрметті азаматы Еркебұлан Мүсіреп 75 жасқа қараған шағында өмірден озды

Еркебұлан Саламатұлы 20 жылдам астам уақыт бойы Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрін басқарған. Оркестрмен әлемдік турне жасаған Еркебұлан Саламатұлы Ахмет Жұбанов құрған оркестрдің бұрынғы атақ-даңқын қалпына келтірді. Ол Құрманғазы оркестрі туралы кітаптардың авторы. Алматыдағы П.И Чайковский атындағы музыкалық училищенің баян және оркестр дирижері мамандығы бойынша түлегі. Ленинград жоғары мәдениет мектебін және Мәскеу мәдениет институтын бітірген. КСРО-дағы ең үздік бес баяншының бірі. Ол «Гүлдер» республикалық ансамблінің директоры болған және «Қазақконцерт» директорының орынбасары болған. Еркебұлан Мүсіреп еліміздің мәдениет мұрасына және дамуына елеулі үлес қосты.

Байланысты жаналықтар

Қола қолда

01.08.2021

Әлия Назарбаеваның көрмесінде ешкім жоқ

29.10.2020

Мирас Асан. Іші пысқан қаладағы жыр

07.04.2020

Мұрат Насыровтың анасы қайтыс болды

07.09.2020

Бекзатқа не болды?

28.07.2021

Есенғали планета боп кеткен жоқ па осы...

16.04.2021