Үш браконьер өмір бойына бас бостандығынан айырылды

  • 21.02.2020
  • Malim Админ

Инспектор Ерлан Нұрғалиевті өлтірген, Петр Ницекті өлім аузында қалдырған үш ер адам және заңсыз аң аулаған бір топ жігітке қатысты сот шешімі шықты деп хабарлайды Мalim.kz.

Ерлан Нұрғалиевтің өліміне себеп болған басты үшеу: Берік Ахметов, Қайрат Ақшанов және Нұрлан Шүкілдіков өмір бойына бас бостандығынан айырылып, тар қапаста күндерін өткізетін болды.

Осы аты шулы іске қатысы бар дейтін Берден Базаров, Батырбек Қайырбеков, Жарасхан Мырзабаев және Айдос Әкімовтер заңсыз аң аулағаны үшін кінәлі атанып, алты жылға бас бостандығынан айырылды. Жазаларын қауіпсіздігі орташа колониясыда өтейтін болды.

Сотталғандардың бәрі аң аулау құқығынан бес жылға айырылып, 20 және 30 АЕК көлемінде өтемақы төлеуге міндеттеліп отыр.

Оған қоса, сот шешімі бойынша 17 ақбөкенді атқандары үшін 89 миллионнан астам теңге өтемақы төлеулері міндет болды. Бұл, әрине, аз сомма емес...

Естеріңізге сала кетейік былтыр 13 қаңтар күні Қарағанды ​​облысының Нұра ауданында сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi төнген жабайы аңдар мен ақбөкендерді қорғау кезінде «Охотзоопром» инспекторы Ерлан Нұрғалиев браконьерлердің қолынан оққа ұшқан болатын.

Байланысты жаналықтар

Ә. Назарбаева Жаркенттің экологиясымен айналыспақ

29.07.2020

Полиция бастығы адам қағып, қашып кетті

29.05.2020

Бішкектегі қазақстандық балалар әскери ұшақпен елге жеткізілді

24.03.2020

Сайлау бақылаушыларына жадынамалар дайындалды

21.12.2020

Министрлік бейбіт митингілер туралы заңдағы қателерге қатысты түсінік берді

15.05.2020

Олимпиада 2021 жылы өтетін болды

24.03.2020