Сот Перизат Қайраттың «Biz birgemiz Qazaqstan 2030» бірлестігін таратты

Malim Админ

  • 12.03.2025

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық соты «Biz birgemiz Qazaqstan 2030» қоғамдық бірлестігін тарату туралы шешім шығарды.

Іс материалдарына сәйкес, осы заңды тұлғаны бастапқы мемлекеттік тіркеу 2021 жылғы 11 қазанда өткізілді. Бірлестіктің құрылтайшылары — 10 адам, олардың есімдері Қайрат Перизатты қоса алғанда, құрылтай жиналыстарының хаттамаларында көрсетілген. Қылмыстық істі тергеу барысында қолжазба сараптамасы жүргізіліп, қорытындысына сәйкес, 10 құрылтайшының 9-ының атынан құрылтай құжаттарына Қайрат Перизат қол қойған.

Заңды тұлға Азаматтық кодекстің 49-бабына сәйкес, заңды тұлға оны құру кезінде жіберілген, жойылмайтын сипаттағы заң бұзушылықтарға байланысты жарамсыз деп танылған жағдайда, сот шешімі бойынша таратылуы мүмкін. ҚР Жоғарғы Сотының «Соттардың салық заңнамасын қолданудың кейбір мәселелері туралы» нормативтік қаулысының 12-тармағына сәйкес — заңды тұлғаны құруға (қайта тіркеуге) қатысы жоқ заңды тұлғаны басшысын және (немесе) құрылтайшысын (қатысушысын) көрсете отырып тіркеу (қайта тіркеу) заңды тұлғаны тарату (жарамсыз деп тану) үшін негіз болып табылады. Бірлестікті құру кезінде анықталған бұзушылықтарды ескере отырып, сот «Biz birgemiz Qazaqstan 2030» қоғамдық бірлестігін мәжбүрлі түрде тарату туралы шешім қабылдады. Шешім заңды күшіне енген жоқ, — делінген ауданаралық экономикалық сот үкімінде.

Фото: instagram.com/01pk


 

Байланысты жаналықтар

Сотталған Абылай Мырзахметов мерзімінен бұрын босатуды сұрады

15.05.2025

Банк қызметкерлерінің үстінен алаяқтықпен байланысты 61 іс тергеліп жатыр

10.05.2025

Құрылыс компаниясы 100-ден астам адамның 972 млн теңгесін алып кеткен

29.04.2025

Экс-судья Светлана Жолманова сотқа келмей қойды

18.04.2025

Тағы бір қайырымдылық қорының басшысы ұсталды

10.04.2025

Балғынбек Имашевтың ұлы алаяқтық ісі бойынша тергеліп жатыр: айтыскердің өзі не дейді

10.04.2025
MalimBlocks
Сотталған Абылай Мырзахметов мерзімінен бұрын босатуды сұрады

Банк қызметкерлерінің үстінен алаяқтықпен байланысты 61 іс тергеліп жатыр

Клиентке биометриялық сəйкестендіру жəне ЭЦҚ құралдары бір мезгілде қолданылған кезде ғана шарт жасасуға рұқсат етіледі

Құрылыс компаниясы 100-ден астам адамның 972 млн теңгесін алып кеткен

Тергеу аяқталды

Экс-судья Светлана Жолманова сотқа келмей қойды

Алаяқтық бойынша айыпталған судьяның Бауыржан Байбектің әйелі екені айтылады

Тағы бір қайырымдылық қорының басшысы ұсталды

Балғынбек Имашевтың ұлы алаяқтық ісі бойынша тергеліп жатыр: айтыскердің өзі не дейді

Оның үстінен елуден астам адам шағым түсірген.