Тасмағамбетов латынға күмәнмен қарайды

Malim Админ

  • 11.11.2020

Белгілі мемлекет қайраткері Иманғали ТАСМАҒАМБЕТОВ латын әліпбиіне қатысты пікірін білдірді. Ол жайлы саясаткер «Қазақ әдебиеті» газетіне берген сұхбатында айтыпты.

«Ал енді, латын жазуы деп жатырсыз… Өз басым әліпбиді ауыстыра бергенге күмәнмен қараймын. Қазір әріп таңдайтын емес, ілім-білім қуатын заман. Әріп ауыстырамыз деп жүр­генде осыған дейін жиған-терген барымыздан айырылып қалуымыз мүмкін. «Абай жолы» мен «Қан мен терді», «Аласапыран» мен «Дарабозды» оқи алмайтын күйге түспесек деймін. Тағы да қайталап айтайын, әріпте тұрған еш­теңе жоқ. Ой-өріс керек, білім қымбат. Өркениет­тің көшінен қалмауымыз керек», - деген Иманғали Тасмағамбетов.

2017 жылы сол кездегі президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы қаулыға қол қойған. 2025 жылға дейін латынға көшу керек деген еді. Латын уақыт талабы һәм ғылым иегру үшін қажеттілігі айтылған еді. Және Түркия, Әзірбайжан мен Өзбекстан тәжірбиесіне сүйену керектігін де атап өткен.

«КСРО-да өмір сүрген қазақтар - кирилл қарпімен, Қытайдағы қазақтар - төте жазумен, Батыс елдерінде тұрған қазақтар - латынмен жазды. Бәріміздің тіліміз ортақ болғанына қарамастан, біз үш түрлі жазумен жаздық. Тіпті, кімнің не жазғанын түсінбейтін халде болдық. Бұл бір жағынан, күллі әлемге шашырап кеткен қазақтардың ұрпақтарын бөлінуге әкеліп соқтыруы мүмкін еді. Екінші жағынан, үш түрлі жазу бізді ғылым мен техниканың жетістіктерінен алшақтатты, өйткені, қазір ғаламтордың заманы. Бұл кемшіліктің орнын толтыру үшін, біз әрекет етуге көштік. Қазақ тілін латынға көшіру бүкіл әлемдегі қазақтарды одан сайын біріктіре түседі»,- деген еді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қызық қашанда президент Назарбаевтың кез-келген бастамасын қолдайтын Иманғали НҰРҒАЛИҰЛЫНА не көрінді екен? Нұрсұлтан ӘБІШҰЛЫН бір кезде 128 қаған мен ханнан жоғары қойған зейнеттегі саясаткерден бұндай сөзді көп адам күтпеген де анық. Латынға өту мәселесі толықтай қоғам тарапынан қолдауға ие болған-ды. Орыс тілді басылымдар тарапынан айтылған қарсылықтарды ескермегенде.

Айтпақшы, былтыр президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ та латынға қатысты пікірін білдірген. Мемлекет басшысы жаңа графикаға тыңғылықты дайындықпен өтетінімізді айтқан болатын.

«Қазақ тіліне реформа, тіпті қажет десеңіздер тілімізді жаңғырту қажет. Ғалымдарымыздың салмақты пікірлерін күтеміз. Тағы да қайталап айтамын, біз нақты қазақ тілін реформалаймыз. Мұндай ұлтымыз үшін тағдыршешті мәселеде науқаншылдыққа және жеңілтектікке жол беруге болмайды», - деген еді  Қасым-Жомарт Тоқаев.

Иманғали НҰРҒАЛИҰЛЫ сұхбатында қазақ тілінің салтанат құрмауына билікті кінәлай сөйлеген.

«Өкінішті-ақ, бірақ тіл мәселесі біз үшін өзінің өзектілігін әлі жойған жоқ. Тәуелсіздігіне 30 жыл болған ел үшін бұл өте ұят.2001 жылы осы Тәуелсіздіктің 10 жылдығын ат­ап өтетін болып, мемлекеттік комиссияның төрағасы болдым. Сол кезде 5 облысты таңдап тұрып, хат жаздым. Барлығына бір ғана – «іс-қағазды толығымен қазақ тіліне көшіріңдер» деген талап қойдым. Одан бері 20 жыл уақыт өтті. Білуімше, Қызылорда мен қазіргі Түркістан облысынан басқасында нәтиже жоқ.Мәселе іс-қағазда ғана емес. Жаңа айтып өттім, жанашырлық ең бірінші биліктен бастау алу керек. Мәселе сонда. Билік қай тілде сөйлесе – халық та сол тілде сөйлейді», - дейді экс-елші.

Фото: vlast.kz

Байланысты жаналықтар

Жетілдірілген әліпбидің бұрынғылардан қандай айырмашылығы бар?

07.03.2021

Жетілдірілген әліпби Unicode таңбалау стандартына сай

06.03.2021
MalimBlocks
Жетілдірілген әліпбидің бұрынғылардан қандай айырмашылығы бар?

Жетілдірілген әліпби Unicode таңбалау стандартына сай