Жетілдірілген әліпбидің бұрынғылардан қандай айырмашылығы бар?

Malim Админ

  • 07.03.2021

Латын графикасына негізделген соңғы жетілдірілген ұлттық әліпби тілтанушы ғалымдардың бірнеше жылдар бойы зерттеуінің жемісі. Жетілдірілген әліпбидегі әрбір әріп қазақ тілінің ұлттық кодын, ұлттық болмысын, қазақ сөзінің ұлттық табиғатын танытатын маңызды фонемалық-фонетикалық категория ретінде қаралса, қосымша қойылған диакритикалық белгілер лингвосемиотикалық, фонетикалық, педагогика-психологиялық, техникалық жағынан жан-жақты зерттеліп шешілді.

Жетілдірілген әліпбиде диграф сияқты әріп қосындыларынан жасалған әріптер жоқ. Мұндай жүйе қазақ тілінің дыбыстық болмысын бұзатыны алдыңғы бекітілген жобалардан айқын байқалды (әзәзіл – aezaezil, aeroalang, batysshyl (батысшыл), qosshy (қосшы), basshy (басшы), assha (асша), asshajan (асшаян), koeshbasshy (көшбасшы).

Жетілдірілген әліпбиде негізгі әріп кестінінің барынша бүтін болу жағы қарастырылды. Бұл жазарман үшін де, жаңа әліпбимен басылған ақпаратты оқитын тілиелмендері үшін өте ыңғайлы.

Әліпбиді жетілдіру барысында диакритикалық белгілердің қызметі мен мазмұны толық ескерілді. Мысалы, умляут таңбасы (әріп үстіндегі екі нүкте) халықаралық фонетикалық жүйеде дыбыстың жіңішкелігін білдіреді. Сондықтан неміс және түркі тілдес халықтардың әліпбилерінде бұл белгі жіңішке дыбысқа қойылады. Осындай тілдік жайттар ескеріліп, жаңа жобада ә, ө, ү сияқты дыбыстар үшін умляут белгісі, ұ дауысты дыбысы үшін макрон белгісі (әріп үстіндегі сызық) алынды. Жетілдірілген жобада умляут, макрон белгісімен қоса, дауыссыздар үшін седиль (әріп астындағы қармақша ş) және бревис (әріп үстіндегі доға ğ) сияқты диакритикалық белгілер де алынды. Ғалымдардың зерттеуі бойынша, қаріпке қойылған диакритикалық белгілердің ішінде жоласты белгілер оқылымға оң әсерін береді. Ал белгілердің бір-біріне ұқсас немесе бірыңғай болуы әріпті қабылдауға теріс әсерін тигізеді. Ш мен ң әрпінің латынша таңбалануы осындай тілдік және тілдік емес түрткіжайттарға байланысты болды.

Н.Әміржанова, ф.ғ.к.

А.Байтұрсынұлы атындағы

Тіл білімі институты

Тіл мәдениеті бөлімінің меңгерушісі

Байланысты жаналықтар

Латын графикасы негізінде қазақ әліпбиі әзірленіп жатыр

10.09.2024

Таңбаның тарихи негізі: У мен И

29.05.2021

Қазақ әліпбиінің тілтанымдылығы

29.05.2021

Қазақ жазуының реформасы және жаңа әліпби

30.04.2021

ЖАҢА ӘЛІПБИГЕ КӨШУ КЕЗЕҢІНДЕ ҚОҒАМДЫҚ ТҰТАСТЫҚ ҚАЖЕТ

09.04.2021

ЖЕТІЛДІРІЛГЕН ӘЛІПБИДЕГІ «ҚЫСҚА Й» МЕН «ҰЗЫН И»

08.04.2021
MalimBlocks
Латын графикасы негізінде қазақ әліпбиі әзірленіп жатыр

Тілтанушы ғалымдар «и», «й», «ы», «і» әріптерін белгілеу бойынша апробация жүргізді

Таңбаның тарихи негізі: У мен И

«Жазу ережелері тақырыпты таластың мықтысы «у» мен «и»-да», -деп жазады ХХ ғасыр басындағы қазақ жазуының алғышқы теоретиктерінің бірі – Омарұлы Елдес .

Қазақ әліпбиінің тілтанымдылығы

Қазақ жазуы әлемдегі басты әліпби түрлерінің бәрімен де – араб, латын, кирил графикаларымен – жазып көрдік.

Қазақ жазуының реформасы және жаңа әліпби

Бүгін 30 сәуір күні “ҚАЗАҚ ЖАЗУЫНЫҢ РЕФОРМАСЫ ЖӘНЕ ЖАҢА ӘЛІПБИ” атты республикалық ғылыми-практикалық онлайн конференция өтті.

ЖАҢА ӘЛІПБИГЕ КӨШУ КЕЗЕҢІНДЕ ҚОҒАМДЫҚ ТҰТАСТЫҚ ҚАЖЕТ

ЖЕТІЛДІРІЛГЕН ӘЛІПБИДЕГІ «ҚЫСҚА Й» МЕН «ҰЗЫН И»