Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Тау-шаңғы курортында өрт шығып, 40-қа жуық адам қаза тапты

Әлем
Тау-шаңғы курортында өрт шығып, 40-қа жуық адам қаза тапты
Фото: svoboda.org

Кран-Монтана тау-шаңғы курортында болған өртке байланысты полиция тағы 16 адамның жеке басын анықтады, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.

Осылайша анықталған құрбандар саны 24-ке жетті. Жалпы апат салдарынан шамамен 40 адам қаза тауып, 119 адам жараланған.

4 қаңтарда анықталғандардың арасында 10 Швейцария азаматы, сондай-ақ Италия, Румыния, Франция, Түркия азаматтары бар, бір адамның Италия азаматтығы және БАӘ поддандығы болғаны хабарланды.

Қаза тапқандардың арасында екі 15 жастағы швейцариялық, сондай-ақ 16–18 жас аралығындағы 10 жасөспірім бар. Бұдан бөлек, жасы 22–39 аралығындағы бірнеше ересек адамның да жеке басы анықталды, деп хабарлайды Reuters.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендерді анықтау жұмыстары жалғасып жатыр.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу