Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

АҚШ-тың Венесуэладағы операциясы кезінде кемінде 40 адам қаза тапты

Әлем
АҚШ-тың Венесуэладағы операциясы кезінде кемінде 40 адам қаза тапты
Фото: Gaby Oraa/REUTERS

3 қаңтарға қараған түні АҚШ-тың Венесуэлада жүргізген әскери операциясы салдарынан әскери қызметкерлер мен бейбіт тұрғындарды қоса алғанда кемінде 40 адам көз жұмған, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.

NYT Пентагон өкілдеріне сүйене отырып, «Абсолютті шешім» деп аталған америкалық операцияға 150-ден астам әскери әуе техникасы, оның ішінде ұшқышсыз ұшу аппараттары, жойғыштар мен бомбалаушы ұшақтар қатысқанын жазады. Олар АҚШ-тың 20 түрлі әскери базасы мен Әскери-теңіз күштерінің кемелерінен әуеге көтерілген.

Операция Каракас қаласындағы электр қуатын өшірген кибершабуылдан басталып, америкалық күштердің қалаға жасырын түрде жақындауына мүмкіндік берген.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Венесуэладағы операция барысында бірде-бір америкалық әскери қызметкер қаза таппағанын мәлімдеген. Fox News телеарнасына берген сұхбатында ол:

«Мен мұны тура бір телешоуды көргендей қабылдадым», — деген.

Сондай-ақ Трамптың айтуынша, Николас Мадуро мен оның жұбайы тұтқындалмас бұрын болат конструкциялармен нығайтылған бөлмеге қашпақ болған, алайда бұл әрекеті сәтсіз аяқталған.

АҚШ әскерінің Каракасқа соққы беруінен кейін бірден Дональд Трамп Венесуэла басшысы Николас Мадуро мен оның жұбайы Силия Флорестің «Дельта» арнайы жасақ бөлімшесі тарапынан ұсталып, елден әкетілгенін мәлімдеді. Венесуэлада төтенше жағдай режимі жарияланды. Ерлі-зайыптылар АҚШ ӘТК-нің Гуантанамо базасына жеткізіліп, кейін ФБР-ға тиесілі Boeing 757 ұшағымен Нью-Йоркке тасымалданған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу