Украина Президенті Владимир Зеленский қауіпсіздік кепілдіктері ел аумағында Ұлыбритания мен Франция әскери контингентін орналастыруды қамтуы қажет екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.
Бұл туралы ол Киевте «қалаулылар коалициясы» елдері қауіпсіздік жөніндегі кеңесшілерімен кездесуден кейін өткен брифингте айтты.
Зеленскийдің сөзінше, коалицияға төрағалық ететін Британия мен Францияның әскери қатысуы міндетті, ал өзге еуропалық елдер де әскер жіберуі мүмкін. Сонымен қатар бірқатар мемлекеттерде мұндай шешім парламенттің қолдауын талап ететіні атап өтілді.