ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» тікұшағы арқылы 1967 жылы туған пациент шұғыл түрде медициналық мекемеге жеткізілді, деп хабарлайды Malim.kz.
Пациентті Зайсан қаласынан Өскеменге тасымалдауды тікұшақ экипажы мен санавиация дәрігерлері жүзеге асырды. Ұшу барысында науқастың жағдайы тұрақты бақылауда болды.
Экипаж бен медицина қызметкерлерінің үйлесімді жұмысының нәтижесінде тасымалдау сәтті аяқталып, пациент облыс орталығына жеткізілген соң әрі қарай ем алу үшін медициналық мекемеге жатқызылды.