Бүгін әлеуметтік желілерде Air Astana компаниясының рейстері Астана және Алматы қалаларында кешігіп жатқаны туралы ақпарат тараған болатын, деп хабарлайды Malim.kz.
Air Astana әуе компаниясының корпоративтік коммуникациялар жөніндегі менеджері Тілек Абдрахимов malim.kz тілшісіне осыған байланысты түсініктеме берді.
Менеджердің айтуынша, рейстердің кешігуіне ауа райының қолайсыздығы себеп.
Мысалы, қазір (сұхбат берілген мезетте – ред.) Алматы әуежайындағы айқындық көрсеткіші 150 метрден төмен болып тұр екен. Оның үстіне, мұндай ахуал кезінде компания ұшақ өндірушілердің талабына бағынады. Атап айтқанда, Airbus компаниясы осындай ауа райы кезінде ұшып-қонуға шектеулер қояды, - деді Тілек Абдрахимов.
Тілек Абдрахимов сонымен бірге рейстердің толық қалпына келетін уақытын болжауға келмейтінін айтты. Менеджер қазір рейстердің қалпына келтіріліп жатқанын жеткізді.