Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Елена Рыбакина Қытайда Олимпиада чемпионын жеңді

Спорт
Елена Рыбакина Қытайда Олимпиада чемпионын жеңді
Фото: ҚТФ

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтіп жатқан World Tennis Continental Cup көрме турнирінде швейцариялық Белинда Бенчичтен басым түсті, деп хабарлайды Malim.kz.

Елена Рыбакина Олимпиада чемпионына қарсы ойынды өте сенімді өткізді. Кездесу небәрі екі сетке созылып, 6:3, 6:4 есебімен қазақстандық спортшының пайдасына аяқталды.

Айта кетейік, Белинда Бенчич — 2020 жылғы Токио Олимпиадасының жекелей сындағы алтын жүлдегері. Сондықтан бұл жеңістің Рыбакина үшін маңызы зор.

Бұл кездесу Елена Рыбакинаның биылғы күнтізбесіндегі жекелей сындағы соңғы матчы болды. Осылайша, ол маусымның жекелей бағдарламасын жеңіспен түйіндеп отыр.

Алайда, Рыбакинаның Шэньчжэньдегі жорығы мұнымен аяқталмайды. Бүгін ол аралас жұптық сын аясында кортқа қайта шығады. Серіктесі: Ресейлік теннисші Андрей Рублев; Қарсыластары: Валантен Вашро (Монако) және әлемнің үздік теннисшілерінің бірі Ига Швёнтек (Польша).

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу