Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Венесуэла оппозициясының лидері: Біз билікті өз қолымызға алуға дайынбыз

Әлем
Венесуэла оппозициясының лидері: Біз билікті өз қолымызға алуға дайынбыз
Фото: REUTERS/Leonardo Fernandez Viloria

Венесуэладағы оппозициялық саясаткер, Мадуро үкіметіне қарсы наразылықтардың негізгі тұлғаларының бірі, 2025 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты Мария Корина Мачадо АҚШ-тың Венесуэла президенті Николас Мадуроға қарсы жүргізген әскери операциясына пікір білдіріп, «еркіндік уақыты келді» деп мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.

Оның айтуынша, Николас Мадуро венесуэлалықтарға және өзге елдердің азаматтарына қарсы жасалған «сұмдық қылмыстар» үшін халықаралық сот алдында жауап береді.

«Елімізде халықтық және ұлттық егемендіктің салтанат құратын уақыты жетті. Біз тәртіпті қалпына келтіреміз, саяси тұтқындарды босатамыз, қуатты мемлекет құрамыз және балаларымызды отанына қайтарамыз», – деді ол.

Мачадо сондай-ақ оппозицияның билікті өз қолына алуға дайын екенін атап өтті.

«Бүгін біз өз мандатымызды орындауға және билікті алуға дайынбыз. Демократиялық өтпелі кезең аяқталғанға дейін қырағы, белсенді әрі ұйымшыл болайық», – деп үндеу тастады ол.

Саясаткердің пікірінше, елді бұрынғы президенттікке кандидат Эдмундо Гонсалес Уррутия басқаруы тиіс.

Сонымен қатар, ол Венесуэла азаматтарын алдағы уақытта ресми арналар арқылы берілетін үндеулерге дайын болуға шақырды.

«Шетелдегі венесуэлалықтарды жұмылдырып, әлем елдерінің үкіметтері мен азаматтарын жаңа Венесуэланы құру жолындағы үлкен іске тартуымыз қажет», – деп қосты Мачадо.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу