Air Astana әуе компаниясының хабарлауынша, қалың тұман мен көрінудің нашарлауына байланысты рейстерде ротациялық кешігулер мен кесте өзгерістері жалғасып жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.
Алматы қаласында 3 қаңтардан 4 қаңтарға қараған түні Airbus A320neo ұшақтарымен орындалатын рейстерге шектеу қойылды — көріну деңгейі 150 метрден төмендеген. Астана қаласында да ұшу мен қону уақыты өзгертілуде.
Air Astana кестені мүмкіндігінше тез қалпына келтіруге тырысып жатқанын, бұл үшін FlyArystan резервтік ұшағы да тартылғанын мәлімдеді. Соған қарамастан, кейбір рейстер бірнеше минуттан бірнеше сағатқа дейін кешігуде.