Жемқорлық халықтың ақшасын ғана жемейді

Malim Админ

  • 10.11.2020

Қазір елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы кешенді жұмыстар жүргізіліп жатыр. Пара түгілі сыйлық алуға тыйым салынды. Жер-жерде арнайы видео роликтер түсіріліп, халыққа түсіндіру жұмыстары жүргізіліп келеді. Естеріңізге сала кетейік, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңның 1-бабының 6-тармақшасына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа мынандай әрекеттер жатады: Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкiлеттiктерін және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу.

Көріп отырғандарыңыздың бұндай заң бұзушылықтар біздің елімізде кең етек алып, екінің бірі, жалғыздың өзі жемқорлыққа баратын жағдайға жеттік. Қазір осы дерттен арылу жұмыстары жүріп жатыр, әйтпесе осыдан кейін мүлде кеш қаламыз. Сыбайлас жемқорлық құық бұзушылыққа жатады және Қылмыстық Кодекс, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс бойынша кез клеген сыбайлас жемқорлыққа жол берген азамат жауапқа тартылады.

Біздің елімізде бұл қылмыс түрімен Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі айналысады. Бұл орган Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы үйлестіру жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті агенттік болып саналады.

Осы агенттік қазір облыстарда арнайы шаралар ұйымдастырып, жемқорлыққа қарсы саясатты жүргізіп отыр. Жақында Түркістан облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері талқыланды. Өңірге арнайы жұмыс сапарымен келген Ақпараттық-үгіт насихат штабының төрайымы Ырза Тұрсынзада мен Парасаттылық департаментінің басшысы Ғанижан Асанұлы облыс активімен кездесу өткізген болатын.

Кездесуге облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев пен оның орынбасарлары, Агенттіктің Түркістан облысы бойынша Департаментінің басшысы Хаким Көшқалиев, облыстық әкімдіктің бөлім басшылары мен қызметкерлері қатысты. Сондай-ақ, облыстық мәслихат депутаттары мен аумақтық департамент басшылары, Ақпараттық-үгіт насихат штабының төрағасы мен арнайы мониторингтік топ мүшелері, үкіметтік емес ұйым және БАҚ өкілдері шақырылған. Жиында Өмірзақ Шөкеев киелі өңірге арнайы келген қонақтарға өз алғысын білдіріп, рухани астана мәртебесін арқалаған Түркістанның сыбайлас жемқорлықтан ада, таза өңір ретінде танылуы тиіс екендігін жеткізді.

Алқалы жиын барысында сөз алған республикалық штаб төрайымы Ырза Тұрсынзада сыбайлас жемқорлық сияқты теріс құбылысты қоғамда жою мәселелерін атап өтті. Өз кезегінде, Ғанижан Асанұлы Агенттікпен атқарылып жатқан жүйелі жұмыстарға тоқталды. Қоғамдық бақылау және азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында құрылған «Ашық бюджеттердің интерактивті картасында» Түркістан облысы бойынша мекемелердің жалпы сомасы 373, 6 млрд теңге бюджеті жарияланғанын мәлім етіп, бұл мәселе бойынша ұсыныс-пікірін білдірді. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының негізінде азаматтарға қолайлы, қолжетімді және жедел қызмет көрсететін «Сервистік әкімдіктердің» Түркістан облысына қарасты 8 қала/ауданда ғана ашылғанын атап өтті. Ашықтықты қамтамасыз ететін сервистік әкімдіктің өңірдегі барлық қала/аудандарда ашылуы тиіс екенін жеткізді. Жиын соңында халықпен сындарлы сұхбат құру және парасаттылық құндылықтарына көбірек көңіл бөлу, жемқорлық көріністерін қабылдамау арқылы адал еңбек ету – әрбір ел азаматына жүктелген ортақ міндет екендігі айтылды.

Сондай Шымкент қаласында да Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаевтың басшылығымен бейнебайланыс арқылы жиын өтті. Жиын барысында «Шымкент – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің атқарылған жұмыстары туралы баяндады.

– Шымкент қаласында 214 мемлекеттік мекеме Open Space форматына өтті. Оның ішінде 184-і жергілікті атқарушы органдар және бағынысты мекемелерге тиесілі.

Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру бойынша, 2019 жылы 181 қызмет түрі көрсетілсе, 2020 жылы халыққа ыңғайлы болуы үшін бірқатар қызметтер оңтайландырылып, қызметтер саны 160 болып бекітілді. Бұл ретте өткен жылмен салыстырғанда қызметтерді электронды түрде көрсету 33 пайызға өскен.

Сонымен қатар, халықтың тарапынан ең үлкен сұранысқа ие сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру қызметі (АПЗ) автоматтандырылды. 2019 жылы осы қызметті алу үшін 17 жұмыс күні қажет болса, қазіргі кезде азаматтар бұл қызметті 3 жұмыс күні ішінде алуда.

Бүгінгі таңда ерекше атап өтетін жағдай, қалада педагогтар мен білім ұйымдарының қызметкерлерін жұмысқа қабылдау бойынша «HR-Process» жүйесі енгізілді. Барлық бос орындар туралы мәліметтер сайтта орналастырылады.

Білім саласындағы қызметтерді автоматтандырудағы тағы бір атап өтер жетістік – ол балаларды мектепке қабылдау, тегін тамақпен қамтамасыз ету, өзге мектептерге ауыстыру сияқты жалпы білім беретін мектептерге қатысты барлық қызметтерді көрсететін «САКУРА электрондық мектеп» платформасы енгізілді. Аталған қызметтерден бөлек, қағаз түрінде көрсетіліп келген білім саласының 8 қызмет түрін жыл соңына дейін электрондық форматқа ауыстыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Жыл басынан бері жобалық кеңсеге 860-қа жуық сұрақ келіп түсті. Сұрақтардың басым көпшілігі білім беру мен денсаулық сақтау және коммуналды шаруашылық салаларына қатысты болды. Осыған байланысты, әлеуметтік желілер арқылы тұрғындар тарапынан түскен көптеген мәселелер өз шешімін табуда. Сонымен қатар, тұрғындармен тиімді кері байланыс орнату үшін жобалық кеңсенің WhatsApp желісі іске қосылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағыты бойынша мемлекеттік мекеме басшыларының арасында ашықтық қағидасын қалыптастыру мақсатында «Жемқорлық бізге жат» акциясы ұйымдастырылды.

Сондай-ақ «Шымкент – адалдық алаңы» телевизиялық бағдарламасының 7 қойылымы түсірілді. Қала тұрғындары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру үшін «Адалдық, әділдік және парасаттылық» тақырыбы аясында шығармашылық конкурс өткізіліп, сауалнама ұйымдастырылды.

Елімізде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі анықталған жағдайда азаматтар 1424 тегін call-орталығына қоңырау шалып, мемлекетке хабарлай алады. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзгеше түрде жәрдем көрсететін адам мемлекет қорғауында болады. Осыған дейін жемқорлық туралы хабарлаған адамға арнайы сыйақы бары да айтылған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін адам туралы ақпарат мемлекеттік құпия және заңда белгіленген тәртіппен ұсынылады.  Көрсетілген ақпаратты жария ету заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы көрінеу жалған ақпартты хабарлаған адам заңға сәйкес жауапқа тартылады.

Сондықтан жемқорлықпен тек мемлекеттік органдар емес, халық болып күресуіміз керек. Ендігі заман жемқорлықты көтермейді. Жемқорлық халықтың сапасын жейді. Ақшасын ғана емес. Сондықтан бұл мәселеге бейжай қарауға болмайды.

Байланысты жаналықтар

Қылмыс жасауда полиция алдына жан салмайды

14.07.2023

Амнистия: Талғат Ермегияев пен жемқорлар түрмеден ерте босап шыға ма?

02.02.2021

Жемқор шенеуніктерге білезік тағады

21.09.2020

Антикор «кішкентай» шенеуніктерді жақсы ұстайды

18.09.2020

Жемқорлыққа байланысты президент тапсырмасы орындала ма?

11.09.2020

"Цифрлы Қазақстанға" қатысты қылмыстық іс қозғалды

21.07.2020
MalimBlocks
Қылмыс жасауда полиция алдына жан салмайды

Қазақстанда 2022 жылы 1,7 мың сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркеліп, 725 адам сотталған.

Амнистия: Талғат Ермегияев пен жемқорлар түрмеден ерте босап шыға ма?

Жемқор шенеуніктерге білезік тағады

Антикор «кішкентай» шенеуніктерді жақсы ұстайды

Жемқорлыққа байланысты президент тапсырмасы орындала ма?

"Цифрлы Қазақстанға" қатысты қылмыстық іс қозғалды