Балық – браконьерлердің жемі

Malim Админ

  • 22.11.2020

Браконьерлік қазір еліміздегі ең көп таралған қылмыстардың қатарына жатады. Әсіресе, балықты, киікті аймақтарымызда жан-жануарлар дүниесінің қас жауалары әбден әккілікке машықтанған. Соңғы кезде мемлекет басшысының жарлығымен браконьерлерге жаза күшейтілді. Бұрындары браконьерлер заң құрығынан оп-оңай құтылып, өз дегендерімен жүретін. Мысалы соңғы жылдарда үш мыңға жуық киік атылса, табиғи ортаға 3,5 миллиард теңге зиян келтірілген болатын.  800-ден астам күдікті адам инспекторлардың қолына түскен болса, олардың 17-сі ғана сот шешімімен бас бостандығынан айырылып, 158-інің бас бостандығы шектелді. Браконьерлерге қатысты қозғалған қылмыстық істің жартысынан астамы дәйекті айғақтар жоқ деген желеумен сот отырыстарына жетпей, қысқартылып отырыпты. Бұл жәдігөйлердің делебесін одан ары қоздырған дерек емей немене? Соңғы уақыттарда заң қатайса да, браконьерлер бой бермей келеді. Олармен күресетін инспекторлардың да саны аз. Дегенмен былтыр үш табиғат қорықшыларға зымияндардың қолынан қаза тапқан соң, Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұйрығымен инспекторлар заң құзырындағы рөлі артқан. Дегенмен Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен аулауға тыйым салынған киіктер еліміздің 100 миллион гектардан астам аумағын өздерінің мекені етіпті. Әрбір инспекторға шаққанда шамамен 6 миллион гектардан тиеді екен. Вахталық әдіспен жұмыс істейтін инспекторлардан құралған 36 топ екі ауысымға бөлінген. Әр топта небары 6 инспектор және 2 автокөлік. Сондықтан жүктеме мөлшері шамадан тыс, яғни, екі есе көп. Осы мәселені парламентте депутаттарда көтерген болатын. Сенат депутаты Мұхтар Жұмағазиев: «..Қару мен байланыс құралдарының жаңа үлгілерімен жарақтанған браконьерлер алдында өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғайтын сақшыларымыз материалдық және техникалық жағынан дәрменсіз.

Браконьерлік қылмыс далалық жолда жүруге қолайлы әрі жүрдек көліктердің көмегімен жүзеге асырылады. Заң талаптары бойынша ол көліктер қылмыс құралы болып есептелетіндіктен мемлекет пайдасына тәркіленуі қажет. Алайда, қоршаған ортаға, табиғат игілігіне есепсіз шығын келтірген браконьердің басым көпшілігі жеңіл жаза алумен шектеліп, көлік құралдары кейін қайтарылып беріледі. Егер оларды көліктерге иелік құқығынан айырып, қылмысқа қатысты көліктер мен басқа да құралдар ешқандай ымырасыз тәркіленсе  браконьерлерлік қылмысқа бірден-бір тосқауыл қойылар еді» деген болатын.

Міне, биылдан бері инспкторлардың жабықтары жаңарып келеді. Браконьерлермен тек инспкторлар емес, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің сарбаздары да күресіп жүр. Олар арнайы жүргізілген шара барысында браконьерлерден 41 итбалық тәркілеген. Қазақстан Республикасының Шекара қызметі Каспий теңізінің биологиялық түрлерінің сақталуына бағытталған шараларды әрі қарай іске асырып жатыр. 2020 жылғы қазан және қараша айларында Каспий теңізінің акваториясында браконьерлік әрекеттердің жолын кесу және акваториялық ресурстарын күзету бойынша Ресей Федерациясы Федералды қауіпсіздік қызметінің Шекара қызметімен бірлескен жедел алдын алу іс-шараларын өткізу барысында шекаралық кеңістікте 111 заң бұзушы анықталған. Оның ішінде 20 шекаралық режимді, 89 аймақтық және ішкі сулардың және балық аулау ережелерін бұзған 2 бұзушыны құрықтады, 2,66 млн. теңге көлемінде айыппұл салынды. «Сондай-ақ 5 жүзу құрал, 9 қозғалтқыш, 281 астам шақырым браконьерлік ау, 71 басқа аулау құралдары олардың ішінде: 1573 дана (7,8 мың.кг) бекіре тұқымдас балықтары, 4 719 (4,6 мың. кг) дана балық түрлері, сонымен қатар 41 итбалық тәркіленді. Каспий теңізінде Шекара қызметінің іс-қимыл қорытындысы бойынша әр түрлі биологиялық ресурстардың 2 млрд теңгеден астам шығынының алды алынды» деп мәлімет таратты Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комиететінің баспасөз қызметі.

Балықтар еліміздегі браконьерлердің ауына жиі түседі. Шекаралық аймақтарда ғана емес, ішкі өзен-көлдерде де браконьерлермен күрес қатаң жүріп жатыр. Мысалы, Алматы облысында Балқаш көлінен 650 кг балық аулаған браконьер ұсталды. Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жалпы бір апта ішінде тәртіп сақшылары браконьерлерден 800 келіден астам заңсыз ауланған балықты тәркілеген. Бұл жоғарыда айтқан сөзіміздің айқын дәлелі. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 335-бабының 3-бөлігі 5-тармағы бойынша сотқа дейінгі тегеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген балықты заңсыз аулау дерегі бойынша Жамбыл ауданы Үлкен кентінің 36 жастағы тұрғынынан құқық қорғау органдары моторы бар пластик қайықты, 1000 метр мононитті Қытай желілерін, 79 кг балық тәркіледі. Аталған қылмыстық іс сотқа жолданды. Сондай-ақ, Балқаш ауданының Қарой ауылында 52 жастағы жергілікті тұрғыннан 650 кг балық тәркіленді. Аталған дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 335-бабы 1-бөлігі бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Айта кетейік, балық өнеркәсібі елімізде жақсы дамыған. Балық аулау, балықты көбейту және балық өңдеу істері жолға қойылған. Қазақстан мұхит балығы мен теңіз өнімдерін импорттайды. Майшабақ, скумбрия, асшаян, мидия және басқалары. Бұл өнімдер Норвегия, Ресей, Исландия, Қытай және Балтық елдерінен импортталады. Жыл сайын шамамен $60 млн сомасына 36 жақын және алыс шет елдерге 30 мың тонна балық өнімдерін экспорттайды. Негізінен балықтың жон еті, қақталған-ысталған өнімдер және мұздатылған балық еті экспортталады. Мысалы, көксерке еті Еуропалық Одақ елдерінде (Германия, Нидерланды) қазақстандық бренд болып табылады, қақталған-сүрленген өнім Ресейге, Украинаға, Литваға, Қытайға және басқа елдерге экспортталады. Бұл ретте біздің жанымызда экспорт үшін маңызды әлеуетті нарықтар бар. Қазақстанда жан басына шаққанда балықты аз тұтынады. Айталық, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы адам басына шаққанда жылына 16 келіден кем емес балық тұтынуды ұсынса, Қазақстанда бұл көрсеткіш бір адамға 4 келіден келеді. Өз кезегінде, көршілес Ресейде адам басына 23 келі, Қытайда 45 келі балық тұтынылады. Осылайша, шекара маңындағы аудандарды ескергенде, балық өнімдерінің экспорттық потенциалы 3 млн тоннадан асып түсуі мүмкін.

Бүгінгі таңда Қазақстанда мыңнан астам балық шаруашылығы субъектілері жұмыс істейді. Оларға 1646 балық шаруашылығы су айдыны мен олардың учаскелері бекітілген. Салада 11 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Негізгі балық аулау Атырау, Алматы, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында іске асады.

Осындай экономикамыздың әлеуметті саласына браконьерлер зиянын аз тигізіп жатқан жоқ. Заң жолымен-ақ балық аулау, күн көруге болады. Балықты заңсыз аулап, күн көріп жүрген ағайын балық шаруашылғын ашып, ел экономикасына оң әсерін тигізсе қандай жақсы болар еді.

Байланысты жаналықтар

Балықшылар неге ұры боп жүр?

30.10.2020

Балық барымтасымен күрес

22.10.2020

Балық аулаудың да тәртібі бар

29.09.2020

Биыл браконьерлер көп

30.07.2020

Орманнан қарағай қазып, өз үйіне отырғызбақ болған

21.04.2020

Карантин уақытында заңсыз балық аулаушылар көбейіп кеткен

15.04.2020
MalimBlocks
Балықшылар неге ұры боп жүр?

Балық барымтасымен күрес

Балық аулаудың да тәртібі бар

Биыл браконьерлер көп

Орманнан қарағай қазып, өз үйіне отырғызбақ болған

Карантин уақытында заңсыз балық аулаушылар көбейіп кеткен