Браконьерлерден 10 тонна балық тәркіленді

Оның 2 тоннасы бекіре

Мәди Саматұлы

  • 01.06.2024

ішкі істер органдары Жайық-Каспий бассейні аумағында өткізген «Бекіре» профилактикалық шарасын қорытындылады, деп хабарлайды Malim.kz.

Polisia.kz жазуынша, екі ай ішінде браконьерлік, балық және балық өнімдерінің заңсыз айналымының 292 дерегі анықталып, жолы кесілді. Соларға қатысты 62 қылмыстық іс қозғалды, 230 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды, 4,7 млн-нан астам теңге айыппұл салынды. Құқық бұзушылардан 10 тоннаға жуық балық, оның ішінде 2 тоннаға жуық бекіре тұқымдас балық, 75,5 кг уылдырық, 12 жүзу құралы, сондай-ақ, 29 кг шаян тәркіленді.

Мысалы, Атырау облысы Жаңаталап ауылының маңында полиция қызметкерлері Нива автокөлігін тоқтатты. Көлікті тексеру барысында 72,6 кг балық, оның ішінде 18,5 кг бекіре тұқымдас балық табылды. Тағы бір факт Астрахань – Атырау тасжолында тіркелді. Полицейлер Toyota көлігін тоқтатып, 445 кг балық тәркіледі. Жүргізушінің айтуынша, балық жолаушыға тиесілі болған. Барлық факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, делінген ресми хабарламада.

Фото: 

Байланысты жаналықтар

Атырауда мөңке балықтарының шабағы қырылып жатыр

05.02.2025

Атырауда екі күн бұрын жоғалып кеткен адамның денесі Жайық түбінен табылды

23.01.2025

Атырау облысында 3 млн-нан аса шабақ құтқарылды

17.01.2025

Жайыққа тасталған бойжеткеннің мәйіті бір айдан бері табылмай жатыр

14.11.2024

«Қызыл кітапқа» енген жануарларды аулаған браконьерлер ұсталды

24.10.2024

АШМ балық шабақтары қалай құтқарылып жатқанын көрсетті (ВИДЕО)

20.10.2024
MalimBlocks
Атырауда мөңке балықтарының шабағы қырылып жатыр

Мониторинг кезінде балықтың тұншығу, қырылу фактісі расталды

Атырауда екі күн бұрын жоғалып кеткен адамның денесі Жайық түбінен табылды

Атырау облысында 3 млн-нан аса шабақ құтқарылды

Бірнеше күннен бері су арнасында шабақ жиналып жатыр

Жайыққа тасталған бойжеткеннің мәйіті бір айдан бері табылмай жатыр

Екі ер адам қызды өлтіріп, өзенге ағызып жіберген

«Қызыл кітапқа» енген жануарларды аулаған браконьерлер ұсталды

АШМ балық шабақтары қалай құтқарылып жатқанын көрсетті (ВИДЕО)

Биыл маусымнан бері 120 млн-нан астам шабақ құтқарылған