Ақбөкендерді атумен айналысқан қарағандылық браконьерлер ұсталды

Олардан 328 мүйіз тәркіленген

Malim Админ

  • 05.08.2024

Қарағанды облысында браконьерлерден 13 ақбөкен өлексесі мен 328 мүйіз тәркіленді, деп хабарлайды Malim.kz.

Қарағанды облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері облыстық ҰҚК департаментімен бірлесіп, облыстық прокуратураның үйлестіруімен бір топ браконьерлерді қолға түсірді.

Қылмыстық топ Шет ауданының тұрғындарынан құралып, құрып кету қауіпі бар ақбөкендерді атумен айналысқан. Жедел-тергеу шаралары барысында 22 тінту жұмыстары жүргізіліп, полицияға 11 адам жеткізілді. Жалпы саны 328 мүйіз, 13 ақбөкен өлексесі және 200 келіден астам бұзылған ет, атыс қаруы мен оқ-дәрілер тәркіленді, деді Қарағанды облысы полиция департаментінің бастығы Негмет Исмагулов.

Қазір аталған жайттарға қатысты қылмыстық іс қозғалған. Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Мемлекетке келтірілген шығынды анықтау мақсатында тиісті сараптамалар тағайындалған.

Фото: polisia.kz

Байланысты жаналықтар

Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

17.05.2025

Полиция туыстарына естіртпей адам жерлегені үшін айыппұл төлейтін болды

16.05.2025

Видеоны таратамыз деп қорқытқан: ШҚО-да полицейлер сотталды

15.05.2025

Интернет алаяқтық: елордалықтар 1 млрд теңгесінен айырылды

13.05.2025

ҰҚК халықаралық есірткі жеткізу арнасын жойды

10.05.2025

Талғар ауданында атыс болды

09.05.2025
MalimBlocks
Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

Полиция туыстарына естіртпей адам жерлегені үшін айыппұл төлейтін болды

Видеоны таратамыз деп қорқытқан: ШҚО-да полицейлер сотталды

ШҚО-да полицейлер ақша бопсалағаны үшін сотталды

Интернет алаяқтық: елордалықтар 1 млрд теңгесінен айырылды

3 қылмыстық топ әшкереленді

ҰҚК халықаралық есірткі жеткізу арнасын жойды

Талғар ауданында атыс болды