457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Павлодар облысында балық ауламақ болғандар істі болды

Павлодар облысында резеңке қайықпен көлге шығып, тормен балық ауламақ болғандар істі болды, деп хабарлайды Malim.kz.

Павлодар облысында полицейлер «Уылдырық шашу» акциясының қорытындысын шығарды. Акция барысында балық аулау ережелерін бұзудың 101 фактісі анықталды, 9 заңсыз балық аулау құралы, 4200 метр монотор, 5 жүзу құралы және 40 келі майда балық тәркіленді.

«Мысалы, Песчаное ауылындағы көлінің жағалау аймағын патрульдеу кезінде екі жергілікті тұрғын ұсталды. Олар резеңке қайықпен көлге шығып, балық аулауға арналған торларын орнатқан. Аталған азаматтарға қатысты әкімшілік материалдар толтырылып, процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолданды. Сонымен қатар, құқық бұзушылардан заңсыз балық аулау құралдары мен шамамен 5 келі балық тәркіленді», – деп хабарлады Павлодар облысы ПД.

«Уылдырық шашу» акциясы 15 сәуір мен 30 мамыр аралығында өткізілді. Оның мақсаты – балықтардың уылдырық шашу кезеңінде браконьерліктің, су жануарларын заңсыз аулау мен биологиялық ресурстарды заңсыз айналымға шығарудың алдын алу және жолын кесу.

Акция аясында Павлодар облысының дала және тұщы су айдындарында, Ертіс өзенінде және оның жайылым суларында, ШҚО-мен әкімшілік шекарадан бастап Ресей Федерациясымен мемлекеттік шекараға дейінгі аралықта барлық балық аулау түрлеріне тыйым салынды.

Фото: istockphoto.com