Тоқаев: Кінәлілерді жауапкершілікке тарту керек

Malim Админ

  • 24.11.2020

Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы Төле би көшесіндегі ағаштардың оталғанына қатысты жағдайға назар аударды. Бұл туралы Тоқаевтың баспасөз хатшысы Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы Төле би көшесіндегі ағаштардың оталғанына қатысты жағдайға назар аударды. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевқа аталған жағдайға байланысты қызметтік тексеру жүргізіп, кінәлілерді жауапкершілікке тартуды тапсырды.

Мемлекет басшысы 2019 жылы 29 қазанда Алматыда қала проблемаларына арналған кеңесте сөйлеген сөзінде мегаполистің экожүйесіне ұқыпты қараудың, шаһар тұрғындарының жайлы өмір сүруін қамтамасыз ету үшін тиісті жағдайлар жасаудың ерекше маңызды екенін мәлім еткен болатын", - деп жазды Берік Уәли.

Алматылықтар ағаштардың кесілгеніне наразылық білдірген еді. Кесілген ағаштар бойынша келтірілген залалды анықтау үшін Жасыл экономика басқармасы Іле-Алатау ұлттық табиғи паркіне сауал жіберетіні, оның жауаптары бойынша осы заңбұзушылықты анықтау жұмыстары жүріп жатыр. Оталған ағаштар осы маңдағы "Sulpak" сауда-үйінің алдында өсуп тұрған болатын.

Байланысты жаналықтар

Тұрмыстық тауарларды өзіміз өндіре аламыз

24.03.2020

Вирус жұқтырған дәрігерлерге Тоқаев араша түсе ме?

14.04.2020

Қытайдан Қазақстанға қашуға мәжбүр болған қос азаматқа шабуыл жасалды

22.01.2021

Дәрігерлерге үстемақы берілді

12.04.2020

Ту туралы заң және "Борат-2"

27.10.2020

6 миллиондық той: Наурызбай ауданы әкімдігіне пандемия әсер етпей ме?

26.03.2021
MalimBlocks
Тұрмыстық тауарларды өзіміз өндіре аламыз

Вирус жұқтырған дәрігерлерге Тоқаев араша түсе ме?

Қытайдан Қазақстанға қашуға мәжбүр болған қос азаматқа шабуыл жасалды

Дәрігерлерге үстемақы берілді

Ту туралы заң және "Борат-2"

6 миллиондық той: Наурызбай ауданы әкімдігіне пандемия әсер етпей ме?