Жедел жәрдем шақырғаннан мемлекеттік тіл тірілмейді

Malim Админ

  • 26.11.2020

Бір шенеунікті жұмыстан қуғаннан Павлодарда мемлекеттік тіл мәселесі шешілмейді.

Павлодар қаласы әкімі апаратының басшысы Қайыржан ОҢҒАРОВ тіл жанашыры, қоғамдық белсенді Руза БЕЙСЕНБАЙТЕГІГЕ психикалық аурухана жедел жәрдемін шақырғаны үшін қызметінен кетті. Бұл туралы бүгін брифингте облыс басшысы Әбілқайыр СҚАҚОВ мәлімдеді.

Қоғамдық белсенді осы жылдың 29 тамыз күні әкімдікке қаладағы қазақ тілді мектептердің саны аздығын айтып келген. Сондай-ақ, жергілікті медициналық коледжге қазақ топтарын ашу туралы ұсынысын айтқан болатын. Алайда, шенеунік жедел жәрдем шақырып тіл жанашырынан құтылмақшы болыпты.

«Мемлекеттік тіл мәселесі өзекті. Әкімдіктің отырысында біз ол жайлы талқыладық. Руза Бейсенбайтегі бізге өтінішпен келді, бейбіт митингке рұқсат сұрап. Біз рұқсат бердік. Кездесу өтті. Біз барлық ұсыныстарды қабылдадық. Сындарын естідік. Конструктивті дүниелер де айтылды. Қазір мемлекеттік қызметкерлер бұл мәселені қолға алды. Және бұл менің жеке бақылауымда. Әкім апаратының жетекшісі Қайыржан Оңғаров қызметінен кетті», - деді облыс басшысы  Әбілқайыр Сқақов. 

Тіл жанашыры Руза Бейсенбайтегі бір шенеуніктің отставкаға кетуімен Павлодарда мемлекеттік тіл мәселесі шешілмейді дейді МӘЛІМ КЗ сайтының тілшісіне.

«Осы уақытқа дейін жергілікті билік өкілдеріне сегіз келі хат жазыппын. Ол жерде қоғамдық көлік, сауда орталықтары, банктер, мемлекеттік мекемелер т.б жерлерде неге қазақ тілінде қызмет көрсетілмейтіні жайлы айтылған. Заңға сәйкес қызмет екі тілде көрсетілуі керек. Мен тек заңның орындалғанын талап етіп отырмын. Біз құқықтық мемлекет емеспіз бе? Заңның бұзылмауына әкімдіктегілер де мүделі болуы керек қой. Мен Оңғаровқа осы мәселелерді айттым. Ал ол полицияны шақырды, сосын жедел жәрдемді шақырды. Оңғаровты жұмыстан алып мені тоқтатамын деп ойлайтын шығар. Бірақ мен өз конституциялық құқығымды талап ете беремін. Түптеп келгенде Оңғаровпен жеке бас араздығым жоқ. Оны қызметтен алғаннан мемлекеттік тіл мәселесі шешіле қоймайды», - дейді қоғамдық белсенді Руза Бейсенбайтегі. 

Фото: elarna.net

Байланысты жаналықтар

Астанада LRT құрылысы жүріп жатқан аумақта кран құлады

09.05.2024

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды жеңіс күнімен құттықтады

09.05.2024

Сағадат Нұрмағамбетов – 100 жыл

09.05.2024

Теміртаудағы жол апаты: 2 бала көз жұмып, 10 адам емханаға түсті

08.05.2024

БАӘ-де дипломат күйеуінен зәбір көрген әйел Қазақстанға оралды

08.05.2024

Бүгін ауа райы қандай болады

08.05.2024
MalimBlocks
Астанада LRT құрылысы жүріп жатқан аумақта кран құлады

Зардап шеккендер жоқ Мамырдың 9-күні Астанадағы LRT құрылысы жүріп жатқан аумақта құрылыс краны құлады. Оқиға Керей-Жәнібек хандар мен Қабанбай батыр көшесі қиылысында болған. Бұл туралы «City Transportation Systems» ЖШС хабарлаған.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды жеңіс күнімен құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел тұрғындарын 9-мамыр мерекесімен құттықтауы Ақорданың сайтына жарияланды.

Сағадат Нұрмағамбетов – 100 жыл

Биыл Кеңес Одағының батыры, Армия генаралы, Қазақстан Республикасының тұңғыш Қорғаныс министрі, «Халық қаһарманы» Сағадат Нұрмағанбетовтың туғанына 100 жыл.

Теміртаудағы жол апаты: 2 бала көз жұмып, 10 адам емханаға түсті

Тас жолда Toyota Camry мен Chevrolet Nexia соқтығысқан

БАӘ-де дипломат күйеуінен зәбір көрген әйел Қазақстанға оралды

Енді ол күйеуімен ажырасатын болды.

Бүгін ауа райы қандай болады

Синоптиктердің болжамына сәйкес, елімізде найзағай ойнап, бұршақ түсіп, қатты жел тұрады, тұман болады деп күтіледі.