457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Павлодарда жұмысшы басынан жарақат алып, қаза тапты

Павлодарда өндірісте орын алған қайғылы оқиғаға байланысты полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Malim.kz.

Павлодар облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға таңертең Назарбаев даңғылы, 17/1 мекенжайында болған. Подрядтық ұйымдардың бірінің қызметкері нөсер кәріз жүйесін тазалау жұмыстарын жүргізіп жатқан кезде басынан ауыр жарақат алған. Ер адам қорғаныс дулығасынсыз болған. Ол алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

«Абайсызда адам өліміне әкеп соққан еңбекті қорғау қағидаларын бұзу фактісі бойынша Павлодар қаласының тұрғынының қаза табуына байланысты қылмыстық іс тіркелді. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады», – деп мәлімдеді полиция департаменті.

Фото: pixabay