Нәтиже жоқ
Барлығын көру
  • Саясат
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Білім және Ғылым
  • Әлеумет
  • Руханият
    • Ертегі
  • Абай-175
Malim.kz
Malim.kz
Нәтиже жоқ
Барлығын көру
Басты бет Басты

ЖСДП: Әблязов арандатушы

Қанат Тілеухан Авторы: Қанат Тілеухан
27.11.2020
Share on FacebookShare on Twitter

ЖСДП партиясы мәжіліс пен мәслихат сайлауына қатыспайды. Бұл туралы бүгін саяси ұйымның кезектен тыс өткен съезінде айтылды, – деп хабарлайды МӘЛІМ КЗ сайты.

Партия басшысы Асхат РАХЫМЖАНОВ жаңадан қабылданған сайлау туралы заңды сынап, жасалып жатқан саяси реформаларға көңілі толмайтынын жеткізді. Бойкотпен қатар сайлауды бақылаудан да бас тарту керектігі айтылды. Рахымжановты делегаттардың 32-і қолдаса, 3 адам қарсы дауыс берді. Ал бес адам бейтарап қалды.

«Біз кіңмнің дос, кімнің дос емес екенін білдік. Жұмыс тәсілімізді өзгертуіміз керек. Біздің бағдарламамыз 2012 жылы қабылданған. Бағдарлама бүгінгі уақыт талабына сай болуы керек. Сондықтан жаңа бағдарламаны келесі съезге дейін дайындауды ұсынамын. Партияның жарғысын да өзгерту керек», – деді ЖСДП төрағасы Асхат Рахымжанов. 

Сонымен қатар партия басшысы Мұхтар Әблязовтың атын атамай оны «шетелдегі псевдодемократ, арандатушы» деп сынап өтті. Бұған дейін Қазақстанда экстремистік ұйым деп танылған ДВК басшысы Мұхтар ҚАБЫЛҰЛЫ өз жақтастарын ЖСДП төңірегіне топтасуға, қолдауға шақырған. Тіпті әлеуметтік желіде социал-демократтар қатарына кірмекші болғандардың жазбалары жарияланды.

Кеше Украинадағы қазақстандық диссидент Ермек НАРЫМБАЙ ЖСДП сайлауға бойкот жариялайды. Оларды сондай қадамға ҰҚК-ті мәжбүрлеп жатыр деп пост жариялаған еді.

Бір айта кетерлігі, ЖСДП партиясының жетекшісі Асхат Рахымжанов осы съездегі  сөзінде өздерінің бұл сайлауға мүлдем дайындалмағандарын, өзге де қоғамдық ұйымдармен бірлесіп жұмыс істей алмағандарын айтып өтті.

Фото: tengrinews.kz

Tags: Асхат Рахымжанов байкот жарияладыЖСДП сайлауға қатыспайдыМұхтар Әблязов арандатушыСайлауға байкот

Ұқсас жазбалар

Митинг түгілі “Қалаулымға” да шығармайды

Авторы: Қанат Тілеухан
25.01.2021
0

Қоғамдық белсенді Кербез ЕГІНБАЕВА «Қосылайық» (бұрынғы Қалаулым ) бағдарламасына Нұрсұлтан есіміді жігітпен танысуға барған. Кербез Қазақстан телеарналарында қаншалықты цензура барын...

Сурет: tabnak.ir

Иран баспасөзі: Кетіп қуантқан президент

Авторы: Қуанышбек ҚАРИ
25.01.2021
0

Тегеран Байденнің билікке келгеніне емес, Трамптың басшылықтан кеткеніне назар аударды. Жергілікті баспасөздің бірі Трампты экс-президент Ахмадинежадқа теңеді. 20 қаңтарда Америка...

Маңғыстауды сарапшы сергелдеңі шаршатты

Авторы: malim
25.01.2021
0

Бүгінде Маңғыстау облысында бизнесте салалық сарапшыларды табу аса қиын. Сарапшының жоқтығынан өңірдегі 52 мыңнан астам бизнес субъектінің тек 18-і ғана...

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Әкім Оразалин орнынан кете ме?

21.05.2020

Ғылымға он есе көп қаржы бөлінбек

25.02.2020

Президент шенеуніктерді 25 % қысқартпақ

01.09.2020
Көрнекі сурет

ЖОО-ларды лицензиясынан айыру ғылымға қалай әсер етеді?

28.08.2020

Бір айда 8 миллион маска сатылып кеткен

04.03.2020
  • Біз туралы
  • Жарнама
Байланыс: +7 702 109 72 25

© 2020 Malim.kz - Қоғамдық-саяси сайт! Туған күн тілек, құттықтау!

Нәтиже жоқ
Барлығын көру
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Білім және Ғылым
  • Әлеумет

© 2020 Malim.kz - Қоғамдық-саяси сайт! Туған күн тілек, құттықтау!