Бұл жүйенің де құлайтын жері бар

Malim Админ

  • 29.10.2020

Жаңа Алаш ютуб каналындағы «Тілеуханұлымен сұхбат» бағдарламасына қоғамдық белсенді Бэлла ОРЫНБЕТОВА сұхбат берді. «Baqylau» жобасы арқылы өңірлерді аралап тәуелсіз бақылаушыларды даярлап жүрген азамат алдағы сайлау, дауыс берушілердің құқығы, партиялық инситут жайлы ойымен бөлісті.

«Тәуелсіз бақылаушының құқығын конституция қорғайды. Біз осыны түсіндіреміз. Тәуелсіз бақылаушы болу деген саясатпен араласудың ең қауіпсіз жолы. Бәрі заң аясында жасалады. Біздің жұмыс дауыс беру аяқталып, сайлау учаскілері жабылғанда бітпейді. Халықтың дауысын қорғау керек! Қазақстан республикасы қылмыстық кодексінің 151 бабы бойынша дауыс ұрлаған, сайлау нәтижесін бұрмалаған адам төрт жылға дейін сотталады. Сондықтан кез келген заңсыздықты әшкерелеу үшін сотқа шағым да түсіруге болады», - дейді Бэлла Орынбетова.

Қазір қоғам тарапынан алдағы мәжіліс сайлауын фарсқа теңейтіндер бар. Билік және пропрезиденттік партиялар арасындағы саяси бәсекенің қортындысы да белгілі деген пікірлер бар. Сайлауға байкот жариялау керек деген ұсыныстар да айтылды. Қоғамдық белсенді саяси додан сырт қалмау керектігін айтады. Демократия үшін күресте сайлау процесстеріне қатыспау қателік дейді.

«Сайлау туралы заңнамада адамдардың қатысу (явка) туралы бар. Бірақ ол жерде бәрі бұлыңғыр. Мысалы дауыс беретін Қазақстанда 10млн адам бар делік. Оның  9 млн байкот деп дауыс бермесе қалған бір млн адамның дауысы арқылы сайлау өтті деп есептеле береді. Сондықтан билікке сіз бармасаңыз да бәрібір. Сайлауда иесіз бюллетень болмайды. Билік сайлауға көп адам қатысты деген сөзді жақсы көреді. Неге? Соңғы мәжіліс сайлауында халықтың 77 пайызы қатысты деді. Бірақ халық олай белсенді болған жоқ. Билікке дауыс берушілердің көп келгені партияларын қаржыландыру үшін де керек. Сайлаушылардың бір дауысы сеніммен қатар саяси партияға қаражатта алып келеді. Қазақстандағы минималды еңбекақының 3% бір дауыстың құны. Мәселен биыл елімізде минималды айлық қырық екі мың  бес жүз теңге (42 500). Яғни бір дауыс мың екі жүз жетпіс бес теңге (1275) тұрады. Сондықтан адал еңбегіңізбен тапқан ақшаңызды қадағалау үшін де сайлауға баруыңыз керек. Өмірде бәрі бола бермейді. Бұл жүйенің де құлайтын жері бар. Мысалы журналистикада сөз бостандығы жоқ. Бірақ осыған көндіге алмайтын журналситер бар ғой. Амалын тауып бір нәрсе айтып қалып, жазып қалып жатқан. Бұл жердеде әділет үшін күресу керек. Әрине, тәуелсіз бақылаушылар мына жүйені құлатып тастамайды. Бірақ адамдардың дауысын қорғайды. Және қандайда бір партияға жақтаспайды. Егер тәуелсіз бақылаушылар институты жойылып кетсе билікке тіптен жақсы», -  дейді қоғамдық белсенді.

Сондай-ақ, сұхбатта Бэлла Орынбетова Қазақстанның бұрынғы үкімет басшысы Әкежан ҚАЖЫГЕЛЬДИН, Атырау облысының экс-әкімі Бергей РЫСҚАЛИЕВПЕН өткен кездесулер туралы әңгімелейді. Толық нұсқасын Жаңа Алаш ютуб каналын көре аласыздар.

Фото: Жаңа Алаш

Байланысты жаналықтар

Украина билігі президент сайлауын өткізуге келісті

22.03.2025

Лукашенко 86,82% дауыс жинады – Беларусь ОСК

27.01.2025

Беларусь Президентін сайлау рәсімі өтті деп танылды

26.01.2025

Бүгін Беларусьта президент сайлауы өтіп жатыр

26.01.2025

Жемқорлық не ауыр қылмыс жасағандар сайлауға кандидат ретінде ұсынылмайды

15.01.2025

Парламент сайлауын мерзімінен бұрын өткізуге әзірге еш негіз жоқ – Тоқаев

03.01.2025
MalimBlocks
Украина билігі президент сайлауын өткізуге келісті

Лукашенко 86,82% дауыс жинады – Беларусь ОСК

Беларусь Президентін сайлау рәсімі өтті деп танылды

Бүгін Беларусьта президент сайлауы өтіп жатыр

Бұл елдегі жетінші кезекті президент сайлауы

Жемқорлық не ауыр қылмыс жасағандар сайлауға кандидат ретінде ұсынылмайды

Заң жобасы жұртшылық талқысына ұсынылды

Парламент сайлауын мерзімінен бұрын өткізуге әзірге еш негіз жоқ – Тоқаев

Президент депутаттарды жақсы жұмыс істеп жатыр деп ойлайтынын айтты