Сайлау учаскем қайда?

Malim Админ

  • 27.11.2020

2021 жылдың 10 қаңтарында елімізде Парламент мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихат сайлауы өтеді. Ал дауыс беруге барамын деушілер арасында сайлау учаскесін білмейтіндер бар. Оны анықтаудың жолы өте қарапайым. Еліміздің барлық өңірлерінде сайлаушылардың тізімін әзірлеуге жауапты жергілікті әкімдіктер ресми сайттарына арнайы баннер орналастырып, Call-орталықтар, Telegram-боттар жасақтап қойған. Сол ресурстарға кіру арқылы кез келген азамат өзінің тұрғылықты жері бойынша сайлау учаскесін анықтай алады. Ал уақытша тұрып жатқан азаматтар 10 желтоқсанға дейінгі жергілікті әкімдіктерге барып, дауыс беру үшін тіркеуден өтуі қажет.

Астана. Елорда әкімдігінің ресми сайтында «Өз сайлау учаскеңді тап» деген атаумен арнайы баннер орналастырылған. Аталған баннерге өту арқылы ЖСН немесе аты-жөніңізді жазу арқылы қай сайлау учаскесіне тіркелгеніңізді білуге болады. Мұнан бөлек, iKOMEK 109 бірыңғай байланыс орталығына тәуліктің кез келген уақытында хабарлассаңыз, сайлау учаскеңізді айтып береді. Сонымен қатар Smart Astana мобильді қосымшасы мен smartastana_bot Telegram-бот та жұмыс істеп тұр.

Алматы. Алматы қаласының сайлаушылары үшін сайт мен sailau_almaty Telegram-бот әзірленген. OpenAlmaty онлайн-қызметі де сізге өз учаскеңізді табуға көмектесе алады.

Шымкент. Ал Шымкент қаласының тұрғындары дауыс беретін учаскелерін 109 нөмірі бойынша iKomek байланыс орталығы арқылы анықтайды. Мұнан бөлек, қаладағы төрт ауданда Call-орталықтар құрылған.

Абай ауданы 8 (7252) 39-02-00,  Әл-Фараби ауданы 8 (7252) 39-02-01, Еңбекші ауданы 8 (7252) 39-01-96, Қаратау ауданы 8 (7252) 77-46-06; 77-56-27

Ақмола облысы. Ақмола облысының әкімдігі жергілікті сайлаушылар өздерінің дауыс беретін учаскелерін анықтайтын арнайы сайт әзірлеген. Сонымен қатар өңірдегі барлық қалалар мен аудан орталықтарында мынадай Call-орталықтар жұмыс істейді: Көкшетау қаласы 8 (7162) 297805; 297891; 297821; 297865 Степногорск қаласы 8(71645) 68800, Ақкөл ауданы 8 (71638) 20631, Аршалы ауданы 8 (71644) 51010, Астрахан ауданы 8 (71641) 22822, Атбасар ауданы 8 (71643) 24306, Біржан сал 8 (71639) 21241, Бұланды ауданы 8 (71646) 21245, 8 (71646) 23618, Бурабай ауданы 8 (71636)45536, 8 (71636)45596 Егіндікөл ауданы 8 (71642) 21719, Ерейментау ауданы 8 (71633) 23176, Есіл ауданы 8 (71647) 21041, Жақсы ауданы 8 (71635) 31051, Жарқайың ауданы 8 (71648) 91290, 8 (71648) 91347, Зеренді ауданы 8 (71632) 22461, Қорғалжың ауданы 8 (71637) 22018, Сандықтау ауданы 8 (7140) 91739, Целиноград ауданы 109, 8 (71651) 30772; 30773; 8 707 563 0109, Шортанды ауданы 8 (71631) 21421

Ақтөбе облысы. Ақтөбе облысы әкімдігінің ресми сайтында ЖСН теру арқылы сайлау учаскеңізді анықтауға болатын қосымша әзірленген .

Алматы облысы. Жетісу тұрғындары үшін де сайлау учаскесін анықтауға арналған сайт жұмыс істеп тұр. Мұнан бөлек қалалар мен аудан орталығында сайлау науқанына орай дайындалған Call-орталықтарға хабарласуға мүмкіндік бар. Ақсу ауданы 8 (72832) 22117 Алакөл ауданы 8 (72833) 21507; 21454 Балқаш ауданы 8 (72773) 95421; 91742 Еңбекшіқазақ ауданы 8 (72775) 72371; 72143; 72863, Ескелді ауданы 8 (72836) 30338; 30900,  Жамбыл ауданы 8 (72770) 22340; 31249; 22858, Іле ауданы 8 (72752) 20892; 21877; 30584; 70666; 71026; 50598; 48763; 41242; 46394; 77380; 24590 Қарасай ауданы 8 (72771) 29981; 22283, Қаратал ауданы 8 (72834) 21962, Кеген ауданы 8 (72777) 21560, Кербұлақ ауданы 8 (72840) 31670, Көксу ауданы 8 (72838) 20364; 20612; 20068; 20109, Панфилов ауданы 8(72831) 53664; 52230; 47794; 37746, Райымбек ауданы 8 /72779/ 21994, Сарқан ауданы 8 (72839) 22969; 21431, Талғар ауданы 8 (72774) 21284; 8 (727) 2956730, Ұйғыр ауданы 8 (7277) 821739; 822062, Қапшағай қаласы 8 (72772) 40790, Талдықорған қаласы 8 (7282) 247325; 247354, Текелі қаласы 8 (72835) 79114

Атырау облысы. Бұл өңірде де сайлау учаскесін анықтауға арналған сайт жұмыс істейді. Мұнан бөлек, кезекті сайлау науқаны кезеңінде Атырау қаласы және аудандар әкімдіктері жанынан Call-орталықтар ұйымдастырылған. Дүйсенбі-жұма күндері сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін жұмыс істейтін орталыққа хабарласу арқылы сайлау учаскесінің мекенжайын анықтап, тізімде бар-жоғыңызды біле аласыз. Telegram әлеуметтік желісінде @SailauAtyrauBot бот қызметі де іске қосылған. Атырау қаласы мен өңірге кіретін аудандардың Call-орталықтарының телефон нөмірлері мынылар: Атырау 8(7122)320233;205375, Жылыой ауданы 8(71237)51554, Индер ауданы 8(71234)20880, Исатайауданы 8(71231)20684, Құрманғазы ауданы 8(71233)20920, Қызылқоға ауданы 8(71238)21195, Мақат ауданы 8(71239)32341, Махамбет ауданы 8(71236)21242,

Батыс Қазақстан облысы. Батыс Қазақстан облысының тұрғындары 109 Call-орталығына қоңырау шалу арқылы өзінің дауыс беретін сайлау учаскесін анықтай алады. Ал облыс орталығы Орал қаласының тұрғындары ұялы телефондарында SmartUralsk мобильді қосымшасы болса, сонда ЖСН теру арқылы анықтау мүмкіндіктері бар. Батыс Қазақстан облысының да барлық аймағында Call-орталықтар жұмыс істейді. Орал қаласы 8 (71112) 500255, Ақжайық ауданы 8 (71136) 91349, Бөкей ордасы ауданы 8 (71140) 21230; 21190, Бөрлі ауданы 8 (71133) 20352; Бәйтерек ауданы 8 (71130) 22556; 23490; 22702 Жанғалы ауданы 8 (71141) 21100, Жәнібек ауданы 8 (71135) 21910; 21240, Казталов ауданы 8 (71144) 31679; 31167 Қаратөбе ауданы 8 (71145) 31826, Сырым ауданы 8 (71134) 31163; 21129, Тасқала ауданы 8 (71139) 21382, Теректі ауданы 8 (71132) 21202, Шыңғырлау ауданы 8 (71137) 34199,

Жамбыл облысы. Ал Жамбыл облысы әкімінің ресми сайтында өңірдегі сайлау учаскелерінің шекаралары көрсетілген. Өңірдегі Call-орталықтардың нөмірі мынадай: Тараз қаласы 8 (7262) 434767: 437622, Байзақ ауданы 8 (72637) 22144, Жамбыл ауданы 8(72633) 21206, 21893, Жуалы ауданы 8(72635)20487, 21938,Мерке ауданы 8(72632) 21094, Мойынқұм ауданы 8(72642)21016, Сарысу ауданы 8 (72634) 61215, Талас ауданы 8(72644) 61000, 61841 Т.Рысқұлов ауданы 8(72631)21600, Қордай ауданы 8 (72636) 45257, Шу ауданы8 (72638) 31988; 31016,

Қарағанды облысы. Қарағанды облысының электронды қызмет көрсетулер порталында ЖСН теру арқылы сайлау учаскесін анықтауға болады. Егер ЖСН арқылы дауыс беретін учаскеңіз анықталмаса, онда жоғарыдағы порталда көрсетілген өңір аумағындағы қалалар мен аудандарда ашылған Call-орталық нөмірлеріне хабарласуыңыз қажет.

Қостанай облысы. Қостанай облысы өңір тұрғындары үшін сайт ашып қойған. Қолдану өте қарапайым, тек ЖСН теру арқылы ғана сайлау учаскеңізді тауып алуға болады. Мұнан бөлек Telegram-бот та жұмыс істейді. Сонымен қатар 16 аудан мен 4 қаланың да сайлаушылар тізімін анықтауға арналған Call-орталығы бар. Алтынсарин ауданы 8 (71445) 34-1-94; 34-2-03, Амангелді ауданы 8 (71440) 21-7-44; 23-0-00, Әулиекөл ауданы 8 (71453) 22-2-37; 22-1-51, Б.Майлин ауданы 8 (71436) 3-62-70; 3-71-00, Денисов ауданы 8 (71434) 2-10-21; 2-19-45, Жангелді ауданы 8 (71439) 2-15-41; 2-14-46 Жітіқара ауданы 8 (71435) 2-55-21; 2-00-06, Қамысты ауданы 8 (71437) 2-16-82; 2-18-42, Қарабалық ауданы 8 (71441) 3-37-70; 3-25-29, Қарасу ауданы 8 (71452) 21-0-04; 21-9-31, Қостанай ауданы 8 (71455) 2-30-39; 2-25-46, Меңдіқара ауданы 8 (71443) 2-41-89; 2-41-92, Наурызым ауданы 8 (71454) 21-5-79; 21-5-35, Сарыкөл ауданы 8 (71451) 22-5-32; 21-0-50, Ұзынкөл ауданы 8 (71444) 21-2-07; 24-2-01, Федоров ауданы 8 (71442) 22-5-28; 21-4-43, Қостанай қаласы 8 (7142) 57-57-68; 57-57-50; 57-57-10 57-57-31; 57-57-66, Арқалық қаласы 8 (71430) 7-01-91; 7-66-06, Лисаковск қаласы 8 (71433) 3-86-82; 3-84-11; 3-44-50 3-38-66, Рудный қаласы 8 (71431); 4-12-77; 4-78-87 4-41

Қызылорда облысы. Сыр өңірі де 2021 жылдың 10 қаңтарында өтетін Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарын сайлаушылар тізімін анықтауға арналған дербес сайт ашып қойған. Одан ЖСН теру арқылы бірден қай учаскеде тіркелгеніңізді білуге болады.

Маңғыстау облысы. Ал Маңыстау облысында жергілікті әкімдіктер сайлаушылар тізімін анықтауға арналған Call-орталықтар ғана дайындап, оған жауапты адамдардың аты-жөндері мен орналасқан жерлері мен байланыс телефондарын ұсынып отыр. Бұл өңірдің төмендегі қалалардың тұрғындары мына нөмірлерге хабарласу арқылы сайлау учаскелерін анықтауларына болады: Ақтау – 8 (7292) 33-65-20; Жаңаөзен – 8 (72934) 7-96-57, 7-96-58; Мұнайлы ауданы – 8 (7292) 46-62-34; Мұнайлы ауданы – 8 (72931) 2-12-86; Түпқараған ауданы - 8 (72938) 2-26-45; Бейнеу ауданы – 8 (72932) 2-11-28; Қарақия ауданы – 8 (72937) 2-21-91.

Павлодар облысы. Аталған өңір тұрғындары облыс әкімдігінің ресми сайтында ЖСН тіркеу арқылы дауыс беретін учаскесін анықтайды.

Солтүстік Қазақстан. Бұл облыста да арнайы әзірленген сайт пен Telegram-бот арқылы өз учаскеңізді анықтай аласыз.

Түркістан облысы. Түркістан облысының тұрғындары 109 Сall- орталығына қоңырау шалу арқылы немесе tur_saylaw_bot Telegram-ботына өзінің ЖСН-ін теру арқылы сайлау учаскесін тексереді.

Шығыс Қазақстан облысы. Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары Электронды қызметтер орталығының порталында тіркелген мекенжайын не болмаса ЖСН-ін көрсету арқылы сайлау учаскесін анықтайды. Өңір тұрғындары сайлау учаскесіне қатысты қателікті тапқан жағдайда өзі тұрғып жатқан аймақтың әкімдігіне хабарласуы керек. Сонымен қатар шығысқазақстандықтар үшін 109 және 1331 Call-орталықтары жұмыс істейді. Мұнан бөлек, қалалар мен аудандарда да сайлаушыларға көмек Call-орталықтары көрсететін бар.Өскемен қаласы 8(7232)268965; 268986; 266707; 1300 Семей қаласы 8(7222) 566581 Риддер қаласы 8(7232) 42576 Курчатов қаласы 8(72251) 79028 Абай ауданы 8(72252)91653 Аягөз ауданы 8(72237)30369 Алтай ауданы 8(72335) 62440 Бесқарағай ауданы 8(72236)90250 Бородулиха ауданы 8(72251)21001 Глубоковское ауданы 8(72331)22294 Жарма ауданы 8(72347)65189 Зайсан ауданы 8(72340)21567 Қатонқарағай ауданы 8(72341)29197 Күршім ауданы 87233921727 Көкпекті ауданы 8(72348)22357 Тарбағатай ауданы 8(72346)21701 Ұлан ауданы 8(72338)27033 Үржар ауданы 8(72230)34030 Шемонаиха ауданы 8(72332)33534

Айта кетерлігі, бүгін еліміздің Орталық сайлау комиссиясы әр сайлаушыны құқықтық сауаттылық танытып, сайлау құқығын пайдалануға шақырған үндеуін жариялаған болатын. «Өзіңізді сайлаушылар тізіміне енгізу бойынша заңды маңызды әрекеттерді уақтылы қабылдауыңыз қажет. 2020 жылғы 26 желтоқсаннан бастап сізге өз сайлау учаскеңіздегі сайлаушылар тізімінен өзіңіз туралы деректерді тексеру мүмкіндігі беріледі», - делінген аталған үндеуде

Байланысты жаналықтар

Алматы облысында жол апатынан 3 адам қайтыс болды  

24.03.2024

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

23.03.2024

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

23.03.2024

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

23.03.2024

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

23.03.2024

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

23.03.2024
MalimBlocks
Алматы облысында жол апатынан 3 адам қайтыс болды  

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды