Көлгіновтің әкімдігі даладағы фильмге 26 миллион жұмсаған

Елнұр Бақытқызы

  • 30.11.2020

Індет өршіп тұрған кезде бас қала күнін "онлайн" тойлаймыз деген Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің мәдениет басқармасы ашық аспан астында фильм көрсетуге бюджеттің 26 миллион теңгесін жұмсаған. Мәдениет басқармасы келісімді бір көзден, яғни еш тендер өткізбей "Ардаковна" атты ИП-мен жасасқан. Бәрінен қызығы, 1-6 шілде аралығында өткен «KINOSPACE» ашық аспан астындағы кинофестивалі үшін келісімшарт іс-шара басталып кеткен кезде, 3 шілде күні жасалған.

«KINOSPACE» ашық аспан астындағы кинофестивалі – бас қаланың туған күні кезінде өткен шаралардың бірі ғана. Нұр-Сұлтан қаласының мәдениет басқармасы көпшілікке ашық аспан астында кино көрсету үшін тендер жарияламай-ақ келісімшартты бір көзден жасай салған. Әкімдікпен бастапқыда 24 миллион теңгеге келісімшартқа отырып, артынан ол соманы 26,8 миллион теңгеге өзгерткен. Келісімшарт "Ардаковна" атты жеке кәсіпкермен жасалған. Ашық дерек көздерге қарағанда, бұл жеке кәсіпкерлік 27 жастағы Апсалямова Дана Ардаққызынікі. Бұл жеке кәсіпкерлік өнер саласы, концерт саласы және театр мен концерт залдары саласындағы қызметпен айналысады. Осыдан 2 жыл 3 ай бұрын Алматы қаласында тіркелген.

Ашық аспан астында өткен фильмдер көрсетілімі іс-шарасының техникалық ерекшелік құжатына қарағанда,  кинофестиваль 1-6 шілде аралығында өтуі тиіс болған. "Өнім беруші "Kinospace " атты  қала күнін мерекелеуге арналған кинофестивалін дайындауды және өткізуді 2020 жылғы 1 шілдеден бастап 6 шілдеге дейін Орталық саябақта ұйымдастыруы тиіс",  - делінген іс-шараның техникалық ерекшелік құжатында.

Расында да, іс-шара сол мерзім аралығында Астана Арена стадионы алдындағы алаңда өткен. Kino Space аясында "Қыз Жібек", "Менің атым Қожа", "Біздің аяулы дәрігер", "Алпамыс мектепке барады", "Путь лидера" киноэпопеясы, "Ақсақ құлан", шетелдік "Джон Уик", "Приключения Питера Пэна", "Астерик пен Обеликс" фильмдері көрсетілген.

Мемлекеттік сатып алулар порталындағы мәліметке қарағанда, бір көзден келісімшарт 24 маусым күні құрылып, 3 шілде күні, яғни кинофестиваль  басталып кеткенде жасалған.

Асылы, 1 шілде күні басталып кеткен кинокөрсетілім қызметі үшін келісімшарт оған дейін жасалуы шарт. Бірақ мәдениет басқармасы астаналықтарға фильмдерді крсеткен 27 жастағы кәсіпкермен келісімді тек 3 шілде күні жасаған.

"Ардаковна" атты жеке кәсіпкер мемлекеттік сатып алулар порталына 16 маусым күні тіркелген. Осы күнге дейін "Kinospace " кинофестивалін ұйымдастырудан өзге ешқандай келісімшарт жасаспаған.

 

Байланысты жаналықтар

Алтай Көлгінов жаңа қызметке тағайындалды

27.03.2024

БҚО әкімінің экс-орынбасары Балтаев жемқорлықпен ұсталды  

08.08.2023

Балалар әдебиетін жемқорлық өрге бастырмай тұр

20.07.2023

«Өзенмұнайгаз» АҚ бас директорының орынбасары болған лауазымды ұсталды

26.06.2023

А.Көлгінов: Өз кәсібін ашқысы келетіндерге 50 млрд теңге бөлінді

23.12.2022

Көлгінов көш басында. Қазақстанның ең лас қалалары

05.10.2022
MalimBlocks
Алтай Көлгінов жаңа қызметке тағайындалды

БҚО әкімінің экс-орынбасары Балтаев жемқорлықпен ұсталды  

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасарына қатысты тергеуді аяқтады.

Балалар әдебиетін жемқорлық өрге бастырмай тұр

Жемқорлар жайлаған тендердің «жеңімпаз» баспаларына министрліктегілер ескерту жасай алмайды

«Өзенмұнайгаз» АҚ бас директорының орынбасары болған лауазымды ұсталды

«Өзенмұнайгаз» АҚ бас директорының бұрынғы орынбасары Ермек Қарамырзаев қамауға алынды.

А.Көлгінов: Өз кәсібін ашқысы келетіндерге 50 млрд теңге бөлінді

Ауыл тұрғындарының табысын арттыру жобасы елге кең көлемде  таратылатын болады.

Көлгінов көш басында. Қазақстанның ең лас қалалары

Бір апталық зерттеу аясында ауасы ең таза қалалар тізімі де жасалды.