«Астана Арена», «Барыс Арена», «Алау» мұз айдыны сенімгерлік басқаруға заңсыз берілген

Жеке компания 15 жылға заңсыз сенімгерлік басқаруға алған

Мәди Саматұлы

  • 23.01.2025

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті Астана қаласының активтер және Мемлекеттік сатып алу басқармасының іс-әрекеттерінде «Астана Арена» стадионын, «Барыс Арена» және «Алау» мұз сарайын сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру кезінде монополияға қарсы заңнаманы бұзу белгілерін анықтады, деп хабарлайды Malim.kz.

Агенттің мәліметінше, басқарма 2020 жылы жоғарыда аталған объектілерді сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру бойынша тендер өткізген. Тендер нәтижелері бойынша «Mtex management» ЖШС жеңімпаз деп танылып, онымен 15 жылға шарт жасалған.

Заңнамаға сәйкес, тендерді өткізу бәсекелестікті дамыту қағидаттарын сақтай отырып, барлық әлеуетті басқарушы үшін қатысудың тең жағдайларын қамтамасыз етуге тиіс. Алайда, аталмыш спорт кешендерін беруге тендер жарияланған кезде құжаттамада қатысушылар аясын шектейтін талаптар жазылған, деп жазылған агенттік мәлімдемесінде.

Осылайша, «Астана қаласының активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасы» ММ-нің әрекеттері Кәсіпкерлік кодексінің 194-бабының бұзылуына әкелген.

Осыған байланысты БҚДА Астана қаласы бойынша департаменті «Активтер және мемлекеттік сатып алулар басқармасы» ММ атына бәсекелестік заңбұзушылықтарды жою қажеттігі туралы хабарлама жолдаған.

Фото: facebook/Ерлан Каналимов 

Байланысты жаналықтар

Дженнифер Лопес Астанада концерт береді

08.04.2025

81 миллион теңге: Ақтауда киіз үйге жарияланған тендер тоқтатылды

21.03.2025

Атырау мұнай өңдеу зауыты бағаны негізсіз көтерген - Бәсекелестікті қорғау агенттігі

29.01.2025

Петропавлда стадионнан өрт шықты

16.01.2025

«Астана Аренаның» жасанды көгалы ауыстырылды

10.01.2025

Астанадағы Қ.Мұңайтпасов стадионы биыл салынып бітеді

08.01.2025
MalimBlocks
Дженнифер Лопес Астанада концерт береді

Ол әлемдік турне аясында елордаға келеді.

81 миллион теңге: Ақтауда киіз үйге жарияланған тендер тоқтатылды

Ақтауда қымбат бағалы киіз үйлерге жарияланған тендер тұрғындар наразылығынан кейін тоқтатылды

Атырау мұнай өңдеу зауыты бағаны негізсіз көтерген - Бәсекелестікті қорғау агенттігі

Петропавлда стадионнан өрт шықты

«Астана Аренаның» жасанды көгалы ауыстырылды

Стадион халықаралық матчтарды өткізуге дайын

Астанадағы Қ.Мұңайтпасов стадионы биыл салынып бітеді

Бүгінде ескірген стадион толығымен бұзылып болған