457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Астана күніне орай қазақстандықтар қанша күн демалады?

Астана күніне байланысты қазақстандықтардың шілдедегі демалыс күндері белгілі болды, деп хабарлайды Malim.kz.

Биыл 6 шілде жексенбіге сәйкес келіп тұр. Еңбек кодексіне сәйкес мереке демалыс күнімен қабаттасса қосымша демалыс келесі жұмыс күніне ауыстырылады. Осыған орай 7 шілде дүйсенбі ресми түрде демалыс күні болып есептеледі.

Бес күндік жұмыс кестесімен істейтіндер 5, 6 және 7 шілде күндері қатарынан үш күн демалады.

Алты күндік жұмыс кестесімен істейтіндер 6 және 7 шілде екі күн демалады. 5 шілде - жұмыс күні.

Сонымен қатар шілде айының жалпы демалыс күндері:

Бес күндік жұмыс кестесінде істейтін азаматтар 9 күн демалады: 5, 6, 7, 12, 13, 19, 20, 26 және 27 шілде.

Алты күндік жұмыс кестесіндегі азаматтар 5 күн демалады: 6, 7, 13, 20 және 27 шілде.

Фото: pixabay