LRT ісі бойынша сотталғандардың мүлкі мемлекет меншігіне өтті
Астана қаласының прокуратурасы LRT ісі бойынша сотталғандардың қомақты қарызын мемлекетке қайтарды, деп хабарлайды Malim.kz.
Дереккөзге сүйенсек, Астана қаласының прокуратурасы мемлекет пайдасына берешектерді өндіру туралы сот актілерінің заңдылығын қамтамасыз етуге бағытталған қадағалау жұмыстарын үзбей келеді.
«City Transportation Systems» ЖШС мемлекеттік кәсіпорнының пайдасына борышкерлерге тиесілі 1,5 млрд теңге сомасындағы 76 жылжымайтын мүлік нысаны берілді», - деп хабарлайды Астана прокуратурасы.
Бұдан өзге прокурорлар жеке компаниялардың бірінен Астанадағы мектептің пайдасына 17 млн теңге қндіріп берген.
«Прокуратураның кешенді шараларының арқасында биыл жалпы 2,9 млрд теңгенің мемлекеттік активтері қайтарылды», - деп хабарлайды прокуратура.
Фото: Үкімет