Нәтиже жоқ
Барлығын көру
  • Саясат
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Білім және Ғылым
  • Әлеумет
  • Руханият
    • Ертегі
  • Абай-175
Malim.kz
Malim.kz
Нәтиже жоқ
Барлығын көру
Басты бет Slider

“Салық органдарының артында ҰҚК тұр”

malim Авторы: malim
30.11.2020
Скриншот: masa.media

Скриншот: masa.media

Share on FacebookShare on Twitter

Соңғы бірнеше аптада азаматтық қоғамның бірқатар тәуелсіз коммерциялық емес мекемелері мен құқық қорғау ұйымдары салық органдарының «шабуылына» ұшырады. Біздің ойымызша, олардың артында ҰҚК (Ұлттық қауіпсіздік комитеті) органдары тұр. Барлығы көшіріп алғандай, бір-бірінен айна қатесіз аумайды. Әртүрлі аймақтарда салық органдары салық есептілігінің 017.00 және 018.00 формаларын толтырудағы қателіктерді сылтауратып, ескерту хаттарын жолдаған. Бұл формалардың барлығы шетелдік көздерден қаржы алу мерзімі мен оның жұмсалуына қатысты. Мәселе салықтан жалтару, қаржыны заңсыз және мақсатсыз жұмсау жөнінде емес, форманы толтыруға қатысты.
ҚР қолданыстағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде формаларды толтырудағы қателіктер үшін қатаң жаза қарастырылған. Еге қате ақпарат бергені анықталатын болса, коммерциялық есес ұйымға 500 000 теңге айыппұл және 3 айға дейін жұмысын тоқтату (460-1 бап) жазасы қарастырылуы мүмкін.
2016-2017 жылдары Қазақстанның салық және әкімшілік заң бұзушылық заңнамаларына өзгертулер енгізілген. Атап айтқанда, шетелден қаржы алатын коммерциялық емес қоғамдық ұйымдарға есеп берудегі заң бұзушылықтар үшін қосымша әкімшілік жауапкершілік жүктелген.
Қазақстандық үкіметтік емес ұйымдар, халықаралық және тәуелсіз ұлттық сарапшылар сол кезде бұл қосымша есеп беру, өзінің мәні бойынша, салық органдары мен ҚР Ақпараттық және әлеуметтік даму министрлігі алдындағы есеп беруді қайталайтынын, оны ұсыну ережелері заңдық сенімділік пен болжамдылық қағидаттарына сәйкес келмейтіндігін атқан. Оған қоса, заңнамада көрсетілген шарттар мен ережелер салық төлеушілерге тиісті бланкілерді толтыруда оның дұрыстығына толық сенімді болуға мүмкіндік бермейді. Ал салық органдары, керісінше, заңдарды толық әрі өз ыңғайларына қарай пайдалануға мүмкіндік алған.
Қазіргі уақытта қазақстандық коммерциялық емес ұйымдар халықаралық ұйымдармен, шетелдік заңдық немесе жеке тұлғалармен жасалған келісім шаттар, банк қызметтері, барлық жобалар, оның мақсаты мен қаржысы жөніндегі ақпараттарды ҚР Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігіне береді. Бұдан бөлек, кірістер мен шығыстар, салық және бюджетке төленетін міндетті төлемдер жөнінде салық органдарына есеп береді.
Коммерциялық емес сектордың есеп беруі коммерциялық ұйымдармен салыстырғанда әлде қайта жоғары. Бірақ коммерциялық сектордың инвестиция тарту мен бірлескен кәсіпорын ашуда шетелден қаржы алуы өте жоғары және коммерциялық емес ұйымдармен салыстыруға келмейді. Мемлекеттік органдардың өзі әртүрлі бағдарламалар мен жобаларға халықаралық ұйымдар, шетелдік банкерден көп жақтық немесе екі жақтық келісім шарттар негізінде миллионаған, миллиардтаған доллар қаржы алады.
Бірақ коммерциялық емес ұйымдарға ғана кемсітушілік пен репрессивті заң нормалары қарастырылған.
Солық кодексі де, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекісі де «жалған ақпарат» терминінің заңдық мағынасын түсіндірмейді. Қай ақпараттың «жалған» екенін, әкімшілік жауапкершілікке алып келетінін, техникалық қателіктер және т.б «жалған ақпаратқа» жата ма, жоқ па оны салық органдарының өзі анықтайды. Оның үстіне, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 460-1 және 460-2 баптары қасақана зиян келтіру баптарына жатады. Жалған ақпарат беру әдейі, қандай да бір заңсыз мақсаттарға жету үшін жасалады. Бірақ біздің елімізде заңсыздықтың мақсатын дәлелдеу баяғыда қажет болмай қалған.
Қысымға ұшыраған ұйымдар алған ескерту хаттарына қарап, салық органдарының аталмыш формалардан техникалық қателік сияқты кез келген дүниені тауып, қысқа уақыт аралығында протокол толтырып, айыппұл салып, ұйым жұмысын тоқтатуға мүмкіндік алу керекті жөнінде тапсырма алған деген қорытынды жасауға болады.
Салық органдары қызметкерлерінің іс-әрекетіне, сенімсіздігіне, алаңдауларына қарап, бұл олардың өз бастамалары емес, олардың басты міндеті салық жинау. Қысымға ұшыраған ұйымдарға салық немесе бюджетке төленетін өзге де төлемдер жөнінде мін жоқ. Олардың барлғы бюджетке тиісті салығын төлеп отырған адал салық төлеушілер. Бұл шабылдардың саяси мақсаты бар. Ұйымдарды сотқа сүйеу, ең ауыр жағдайда олардың жұмысын белгілі бір уақытқа дейін тоқтату.
Біздің бәрін «еститін», бәрін «көретін» үкіметіміздің өзіне жүктелген халықаралық міндеттерді бұзып, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы мен ФАТФ стандарттарына қайшы, тәуелсіз құқық қорғау ұйымдары мен азаматтық қоғам бірлестіктеріне не себепті дәл қазір кедергі келтіріп отырғанын бағамдау қиын. Бірақ бұл іс-әрекет кезекті рет мемлекеттің имиджіне, оның инвестициялық ақуалына және өзге де рейтингтеріне кері әсерін тигізеді.
Бізге келетін болсақ, әрине, біз өз ұйымдарымызды, Қазақстан Республикасының соттарында және халықаралық деңгейдегі түрлі халықаралық коалицияларда, жұмыс топтары мен сараптамалық құрылымдарға қатысу шеңберінде, сондай-ақ халықаралық деңгейде қорғау үшін барлық қажетті шараларды жасаймыз, және оқиғалар теріс дамыған жағдайда біз мемлекеттік органдармен және ұйымдармен қарым-қатынасымызды қайта қарауға мәжбүр боламыз.

Қолдары:
“Еркіндік Қанаты” ҚҚ
“Кадір қасиет” ҚБ
“Адам құқығы мен заңдылықты сақтау Қазақстан халықаралық бюросы” РҚБ
“Халықаралық құқықтық бастама” ҚҚ
“MediaNet халықаралық журналистика орталығы” ҚҚ
“Құқықтық медиа орталық” ҚҚ
“Эхо” ҚБ
30 қараша 2020 жыл

Tags: Қазақстан азаматтық қоғамытәуелсіз құқық қорғау ұйымдарыныңүндеу

Ұқсас жазбалар

Фото: expertonline.kz

Жовтис басқаратын ұйымның қызметі үш айға тоқтатылды

Авторы: malim
25.01.2021
0

Алматы қаласы Әуезов ауданының кіріс басқармасы Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі халықаралық бюроның қызметін үш айға тоқтату және 200...

Митинг түгілі “Қалаулымға” да шығармайды

Авторы: Қанат Тілеухан
25.01.2021
0

Қоғамдық белсенді Кербез ЕГІНБАЕВА «Қосылайық» (бұрынғы Қалаулым ) бағдарламасына Нұрсұлтан есіміді жігітпен танысуға барған. Кербез Қазақстан телеарналарында қаншалықты цензура барын...

Сурет: tabnak.ir

Иран баспасөзі: Кетіп қуантқан президент

Авторы: Қуанышбек ҚАРИ
25.01.2021
0

Тегеран Байденнің билікке келгеніне емес, Трамптың басшылықтан кеткеніне назар аударды. Жергілікті баспасөздің бірі Трампты экс-президент Ахмадинежадқа теңеді. 20 қаңтарда Америка...

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Көрнекі сурет

«Болашақтың» 27 толқыны оқуға кетеді

21.09.2020

Баталов аудан атын өзгертемін деп уәде берген жоқ

20.06.2020
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Тоқаев Мәминге бес күн уақыт берді

29.06.2020
А.Шораев пен Ә.Ілияшев. 
"Мәлім" сайтының коллажы

ТОП шенеуніктердің ақылы қайда қалды?

19.04.2020

Тоқаев: Қордай ауданының әкімі қызметінен алынсын

10.02.2020
  • Біз туралы
  • Жарнама
Байланыс: +7 702 109 72 25

© 2020 Malim.kz - Қоғамдық-саяси сайт! Туған күн тілек, құттықтау!

Нәтиже жоқ
Барлығын көру
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Білім және Ғылым
  • Әлеумет

© 2020 Malim.kz - Қоғамдық-саяси сайт! Туған күн тілек, құттықтау!