457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Ulysmedia.kz бас редакторы Самал Ибраева ақпараттық шабуыл жасалғанын айтты

Ulysmedia.kz бас редакторы Самал Ибраева ақпараттық шабуылға ұшырады. Бұл туралы kaztag-қа сілтеме жасап Malim.kz хабарлайды.  


«Мақаланы алып таста, тақырыпты өзгерте қой, суретті өшір — деген ескертулерді мен бірнеше рет естідім... Бұл – Kyzdar_net сайты арқылы жасалған қорқыныш. Менің суретім, атым, телефон нөмірім интимдік қызметтер сайтының жалған парақшасында жарияланды. Бірнеше күннен бері телефон нөміріме әдепсіз ұсыныстар жауып жатыр, таныстарым мен сайт оқырмандары да звондап, сұрақтар қойып жатыр — мен бәріне не болғанын түсіндіруге мәжбүрмін. Бұл қылмыстың тапсырыс берушісі, бәлкім, қолын ысқылап отыр. Өйткені, сандық шабуыл сәтті өтті. Кім және қанша төлеген екен Ulysmedia.kz-тің қызметін парализаттау үшін? Осындай кек қайтару тәсілін кім ойлап тапты, біздің жарияланымдар кімге кедергі болды?» - деп жазды Ибраева бейсенбі күні.

Ол Ulysmedia.kz – тәуелсіз медиа екенін және тек халық пен мемлекет мүддесі үшін өткір мәселелерді көтеретінін атап көрсетті.

«Бізді миллиондаған қазақстандық оқиды және қолдайды, сондықтан болған оқиғаны олар сөз бостандығына қысым мен қауіп ретінде қабылдайды. Полицияға арыз бергеннен бес күн өткен соң құқық қорғау органдары бұл киберқылмыс пен сандық қысым екенін мойындап, қылмыстық іс қозғады. Мұндай жағдайды мен және әріптестерім екі жыл бұрын да бастан кешіргенбіз — ол кезде іс президент Тоқаевтың араласуынан кейін ғана қозғалған еді. Мен де мемлекет басшысының қолдауына үміт артамын, өйткені журналистерге жасалған осындай қысым мен қауіп сол принциптерге қайшы, ол туралы ол үнемі айтып жүр», — деп қосты бас редактор.

Ол Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жасады.

«Құрметті Президент, мен – тәуелсіз журналист және ең алдымен Қазақстан Республикасының азаматы ретінде Сізге жүгінуге мәжбүрмін, себебі еліміздегі кез келген әйелге қатысты болуы мүмкін цифрлық зорлық-зомбылықтың қорқынышты көрінісімен бетпе-бет келдім. Иә, бұл – шынайы сандық зорлық-зомбылық. Сізден осы қылмыстық істі тергеуді бақылауға алуыңызды сұраймын. Kyzdar.net сайтында жарияланған анкета – заңсыз қызмет атқаратын бұл сайттың жұмысы – айқын провокациялық, лауазымға сай келмейтін, менің жеке өмірімнің құпиялығын, ар-намысым мен қадір-қасиетім мен кәсіби беделімді қорлайтын жағдай. Мен бұл оқиғаны тәуелсіз журналистика саласындағы кәсіби қызметіммен байланыстырып, оны мақсатты түрде жасалған қысым мен қауіп ретінде қарастырамын. Бұл – цифрлық зорлық-зомбылық, адамға қарсы жасалған қылмыс», — деп журналист Тоқаевқа жүгінді.

Ол полициядан бұл қылмыстың тапсырыс берушісін анықтап, жалған профильді жасағандарды табуын, заңсыз контентті жою және оған қолжетімділікті бұғаттау шараларын қабылдайды деп үміттенеді.

«Қысымға қарамастан, Ulysmedia.kz редакциясы жұмысын бұрынғыдай жалғастырып, еліміз үшін ең маңызды әрі өзекті мәселелерді жариялауды әрі қарай да тоқтатпайтынын сенімді түрде айта аламын», - деді Ибраева.

Фото: ашық дереккөз