457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

"Wildberries ханшайымы" атанған коуч азаматтардың миллиард теңгесін алып кеткені айтылды

Алтынай Дидарқызының "бизнесін" танымал блогерлер жарнамалаған

Қазақстанда тағы бір атышулы алаяқтық оқиғасы туралы айтылып жатыр,- деп хабарлайды  Malim.kz Skifnews.kz сайтына және Atameken Business телеарнасына сілтеме жасап.  


Өзін “Wildberries ханшайымы” деп атаған коуч Алтынай Дидарқызы мыңдаған азаматтың сеніміне кіріп, миллиард теңгеден астам қаржыны қолды қылған.

Ол әлеуметтік желі арқылы танымал блогерлердің қолдауымен өз жобасын жарнамалап, жұртқа маркетплейстерде табысқа жетудің “оңай жолын” уәде еткен.

Алтынай кәсібін нөлден бастаймын деген азаматтарға Wildberries платформасында тауар тіркеуді, өтімді өнімді таңдауды және алгоритммен жұмыс істеуді “үйрететінін” айтқан. Бірақ іс жүзінде қатысушылар оның фирмасы арқылы ғана тауарға тапсырыс беруге мәжбүр болған. Ал кейін белгілі болғандай, ол чектерді қолдан жасап, көпдеңгейлі қаржы пирамидасын құрып келген.

Қазір ел ішінде үрей мен ашу басым. Жәбірленушілер әділет емес, ең алдымен өз ақшасын қайтаруды талап етуде.   

Алматылық Аяна қолындағы 7 жарым млн теңгесін А.Дидарқызына берген. Тәлімгердің инвест жобаға салған қаражатыңды 3 айда 50 пайыз пайдамен шығарып берем деген уәдесіне сеніп қалған.  

“Баламның ДЦП емі үшін пәтерімді сатып, жобаға 100 миллион теңге салдым. Бұл ақшаны жинау үшін қанша жыл еңбек еттім… Бірақ бәрі желге ұшты”, – дейді Арна Сейсенова көз жасын тыя алмай.

Жүздеген адам Алтынайдың “бизнесі” – жай ғана алаяқтық екенін айтып отыр. Жоба – бастапқыда оқыту, кейін тауарларды оның фирмасы арқылы жаппай сатып алуға мәжбүрлеу, ал сырт көзге – сәнді өмір, байлық, аналық образ. Оның артында – фейк өмір мен жоқ инвестициялар тұрғаны анықталды.

Бұқараның сенімін арттырған тағы бір әдіс – танымал тұлғалардың жарнамасы. Жобаны белгілі актриса Жания Джуринская Instagram парақшасында ашық жарнамалаған. Көпшілік дәл осы жұлдыздардың сөзіне сеніп, күмәнсіз ақша аударған.

Бүгінде Алтынай Дидарқызы Алматы қаласында қамауда отыр. 

"Алмалы аудандық полиция басқармасының тергеу бөлімі жағдайдың мән-жайын толық зерделеп, қылмыстық іс жүргізу кодексінің 179 бабының талабына сай бұл азаматшаға азаматтық түрде сотқа жүгінуді кеңес етті,-дейді Алматы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.  

Бұдан бөлек, істің мән-жайын зерттеу барысында тергеудің әдейі созылып жатқанына күмән күшейді. Халық арасында “полиция тарапынан 40 миллион теңге пара берілді” деген әңгіме тарауда. Бұл ақша тергеу барысын тежеп, істі жабу үшін жұмсалған болуы мүмкін дейді жәбірленушілер.

Олар бұл істі Президенттің жеке бақылауына алуды сұрайды:

“Біз кек алғымыз келмейді. Біз еңбегімізбен тапқан қаражатымызды қайтарғымыз келеді. Министр мен Бас прокурор бұл істі жеке бақылауға алып, әділ шешім шығаруын сұраймыз”, – дейді олар.  

Фото: видеодан скриншот