freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

34 млн теңге жымқырған есепшілер анықталды

Құқық •
34 млн теңге жымқырған есепшілер анықталды

Жетісу облысы Кербұлақ ауданының прокуратурасы білім бөлімі бухгалтерлерінің бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады.


2021-2023 жылдар аралығында білім бөлімінің 3 бухгалтері өздерінде жұмыс істемейтін адамдарға заңсыз жалақы мен еңбек демалысы жәрдемақысын аударған. Келтірілген шығын 34 млн теңге болды.

Осы факті бойынша облыс прокуратурасы тергеу жүргізіп, нәтижесінде Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы («Алаяқтық») бойынша қылмыстық іс сотқа жолданды. Сот үкімімен бухгалтерлерге Қылмыстық кодекстің 63-бабы бойынша 5 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

Келтірілген залал мемлекет кірісіне толық көлемде өтелді.

Фото: yandex.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу