Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

600-ден астам шалғай елді мекендерде медициналық нысандар салынуда – Олжас Бектенов

Денсаулық
600-ден астам шалғай елді мекендерде медициналық нысандар салынуда – Олжас Бектенов

«Денсаулық сақтау саласында қордаланған мәселелер бар екені белгілі. Оны бір күнде шешу мүмкін емес. Бірақ біздің кешенді жоспарымыз бар. Аталған салаға қатысты нақты шаралар қабылдап жатырмыз.

Қазіргі уақытта 3,3 млн адам Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінен тыс болып отыр. Біз келесі жылдан бастап жергілікті бюджеттердің есебінен осы 3,3 млн-ның 1 млн-ын осы жүйеге енгіземіз. Жыл сайын көрсеткішті азайтамыз. Бұл үлкен шығындарды талап ететін шаруа

Бүгінгі таңда Президенттің тапсырмасы бойынша «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жоба жүзеге асырылып жатыр

Жалпы 600-ден астам шалғай елді мекендерде медициналық нысандар салынып жатыр. Біз аталған бағытқа республикалық бюджеттен де, қайтарылған активтер қаражаты есебінен де қаржы бөлеміз. Әрине, мәселе онымен толық шешілмейді. Бірақ, кезең кезеңмен іске асырылады»,-деді Олжас Бектенов.

Фото: Үкімет

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу