457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Абай облысында ХХVI «Абай оқулары» басталды

18-21 маусым аралығында Абай облысында ХХҮІ «Абай оқулары» республикалық шығармашылық конкурсы өтеді. Көркемсөз байқауына жалпы білім беретін ұйымдардың 8–11 сынып оқушылары қатысады. Биылғы конкурс ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай халықаралық деңгейде ұйымдастырылып отыр. Зияткерлік сайысқа республиканың барлық өңірінен келген оқушылармен қатар, Моңғолия, Түрікменстан, Өзбекстан және Қытай елдерінен де қатысушылар бағын сынайды.
 
Абай оқуларының мақсаты – мектеп оқушылары арасында қазақ әдебиеті мен руханиятына деген қызығушылықты арттыру, Абай мен Шәкәрім шығармаларын насихаттау, ұлттың көркемдік-эстетикалық мұрасын дәріптеу.
 
Қорытынды кезеңде 135-ке жуық жас дарын 5 номинация бойынша бақ сынасады: «Абайдың асыл мұрасы», «Абайдың ақын шәкірттері», «Әнді сүйсең, менше сүй», «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы», «Сөз өнеріндегі Ұлы Абай бейнесі». Басты шарт - қатысушылар Абай шығармаларын жатқа айтуы тиіс.
 
Қатысушылар үшін Абай ауданы Жидебайға экскурсия ұйымдастырылады, 20 маусым күні байқау номинациялар бойынша жалғасады. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 21 маусым күні өтеді.
 
Абай оқуларының жүлдегерлері Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдары және алтын, күміс, қола медальдармен марапатталады. Сондай-ақ «Дарын» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығының атынан грамоталар мен бағалы сыйлықтар тапсырылады.

Фото: Абай облысы әкімдігі