Ақын Сырбай Мәуленов өлеңдері

Сырбай Мәуленов 1922 жылы қыркүйектің 19-ында Торғай өңірінде дүниеге келген. 1993 жылы Алматыда қайтыс болды. Белгілі ақын, аудармашы. Оның Екіншідүниежүзілік соғыс туралы жазған өлеңдері көпшіліктің қасіреті мен қайғысын дәл суреттеуімен құнды. Мәуленов орыс және туысқан халықтар әдебиетінің классиктері А.С. Пушкин, М.Ю.Лермонтов, Н.А. Некрасов, Т.Г. Шевченко, В.В. Маяковский, А,А. Блок, С.А. Есенин, Н.С. Тихонов, М.А. Шолохов, Ә. Науаи тағы басқа шығармаларың қазақ тіліне аударды.

Malim Админ

  • 10.09.2024

СОҒЫСТАН ҚАЙТҚАН СОЛДАТТАР

Жаутаңдап қарап дала тұр,
Көз жасын сүртіп жаңа бір.
Хабарсыз ұлын сұрауға
Жолыңды тосып ана жүр.


Қанша үйдің ұрлап адамын,
Қанша үйде сөніп қалды оттар
Көрдің бе үлын ананың,
Соғыстан қайтқан солдаттар.


Кешікпей жарым келер деп,
Төрінен сайлап орынды.
Батысқа қарап елеңдеп,
Ару жүр тосып жолыңды.


Көтерді бәрін ауырдың
Азамат болып арды ақтар.
Көрдің бе жарын арудың,
Соғыстан қайтқан солдаттар.


Кетерде солдат жарының
Ішінде қалған ана жыл.
Көкемді айтпай танырмын
Деп бір сәби бала жүр.


Қайрылмай қалай кетесің
Хабарсыз қалай ол тоқтар.
Көрдің бе оның көкесін,
Соғыстан қайтқан солдаттар.


Қаралы қағаз жіберіп,
Қаншама қайғы салды оқтар.
Барады үнсіз түнеріп,
Соғыстан қайтқан солдаттар!

 

БОРАН

Жаяу боран бұрқасын
Иір жіпті кідірмей.
Үйір қардың ұлпасын
Аққудың ақ жүніндей.


Тоқымашы ежелден
Құйын, боран екеуің.
Оқалап бір безеңдер
Шыршалардың етегін.


Аяз ұста арқалы
Соқ дамылсыз бүгін де,
Қайың тағар алқаны
Жаңа жылдың түбінде!

 

ДАУЫЛ

Тұңғиық түпсіз теңізді жауып,
Соғады дауыл, бұлт бұйраланып.
Атады быж-быж қайнап көбігін,
Толқынды толқын үйіріп қағып.


Жартасты айналып от таспадай
Мұңды найзағай жыландай иірілген,
Шатырлайды дүлей, алқымдайды үрей,
Көтерем бәрін иығыммен.


Тұрмын қасқарып, жалт берер жасқанып
Жер үстінің сұрапыл сойқанынан
Алданып өмірге көзінен жас тамып,
Тосқауылда торығып, тойтарылған.


Онсыз да шырмады өсек-лақап,
Мен сорлыны ажалға тақап,
Жап – жалаңаш шаншылған жартас едім
Сен болдың ба жалмайтын жалынапат?


Жоқ! Ұша бер, найзағай жарқыраған,
Тас төбемнен соқ, дауыл арқырағаны;
Көзім жоқ сұрқым қашып үрейленіп,
Аласатта абыржып қалтыраған.

 

ҚОШТАСУ

Соңғы рет сенің бейнеңе,
Қиялмен құшақ жайдым мен.
Ояттым ойды кеудеде,
Жасқаншақ, ұяң қайғыммен.


Махаббатыңды еске алдым мен.
Жазымыз кетті тез өтіп,
Өмірді, бізді өзгертіп,
Ақынның үшін сүйгенім,
Көрдей түнек кигенің,
Сен үшін сөніп, күйредім.
Қабыл ал, құрбым, елжіреп,
Қоштасқан сөзді соңғы рет.
Жесірдей қалған зар жылап,
Досыңдай құшқан қалжырап,
Айтылар зындан алдына,
Жүректің сөзі бар мұнда.

        *  *  *

Сүйдім сені, сүйдім сені беріліп,
Сүйдім сені көз жасыммен егіліп.
Сүйдім сені таңғы самал жел болып,
Сүйдім сені тамшы болып төгіліп.
Сүйдім үнсіз қап-қараңғы аспандай,
Сүйдім тілсіз, қатып қалған тастардай.
Сүйдім бұлттай мең-зең болып сіресіп,
Тұрып қалған көздерінен жас тамбай.
Сүйдім сені жаңбыр күткен даладай,
Сүйдім сені ұлын күткен анадай.
Ертелі-кеш көк теңізге телміріп,
Сүйдім сені толқын күткен жағадай.

MalimBlocks
Сырбай Мәуленовтың өлеңдері

Сырбай Мәуленов (17.9.1922 ж. туған Қостанай облысы; Жанкелдин ауданы; Торғай поселкесі; — 1993 дүниеден озды) — ақын. ІІ Дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген (1973 жыл).