Мұхтар Шаханов. Жігерлендіру

Мұхтар Шахановтың Желтоқсан оқиғасы кезінде Мәскеуде жастар алдында оқыған өлеңі

Malim Админ

  • 15.01.2025

Сен жыладың, жігітім,

Көп көрдім деп тұрмыстың тапшылығын,

Қайтпады деп жұртқа еткен жақсылығым.

Сен жыладың,

Сезімің жасып ағып,

Кіп-кішкентай балаңды қасыңа алып.

Қырмызы күнім өтті деп.

Сенгенім сатып кетті деп.

Сен жыладың:

Аңғармай қалдым орды деп,

Қадамым сәтсіз болды деп,

Бір қатты соққы алдым деп,

Бақытсыз болып қалдым деп.

 

Сен жыладың.

Мен бірақ, селт етпедім,

Білем сені тағдырдың ерке еткенін,

Білем сені өр көңіл, жомарт едің,

Енді бүгін... қалай бұл кер кеткенің?

Жә, жә, жарар,

Өткен күн оралар ма,

Қарау керек, бауырым, саған алға.

Басыңдағы бөрік пе,

Орамал ма?

Бөрік болса, ауыс тез басқа күйге,

Көз жасыңды көрсетпе жас сәбиге.

Көз жасыңды көрсетпе, сұранамын,

Әй, әй, жігіт, сен маған ұнамадың.

Жас нәресте көруге тиісті емес,

Әкесінің еңкілдеп жылағанын,

Әкесінің тым күйреп құлағанын.

Ерлік пенен ездіктің жолы қатар

Екеуінің арасы бір-ақ адым.

Көз жасыңды көрсетпе сұранамын.

Көтер, кәне, басыңды, қалай бұның,

Мұз боп еріп кеткен бе бар айбының?

Көтер, кәне, басыңды,

Күніңді босқа өткізіп пе едің,

Тағдырың неге сыр айтты сараң?

Өмірдің барлық сәтсіздіктерін

Бақытсыздық деп, кім айтты саған?

Кім айтты саған,

Тұлпарды сүрінбейді деп,

Асауды мінілмейді деп,

Ақ көйлекті кірлемейді деп,

Қара ешкі мүжіген ағаш

Қайтадан гүлдемейді деп?

Кім айтты саған

Жұрттың бәрі мейірбан, арайлы деп,

Жұрттың бәрі шындықты қалайды деп,

Биікті ардақтайды деп,

Асылды қорлатпайды деп...

Тоқырау білмес айбыны

Адалдық деген әлемнің ұлы байлығы.

Бетіне жиған ұятты

Әйтсе де, кейде ол кінәмшіл бала сияқты.

Тірлікте осы баланы

Өкпелететіндер бар да,

Жұбататындар бар.

Жек көретіндер бар да,

Ұнататындар бар.

Арын сатып қорлайтындар бар да,

Жанын сап қорғайтындар бар.

Қиналып бекер алаңдадың-ау,

Ойыңды шығар өріске.

Өзің-ақ айтшы ғаламда мынау

Жеңудің бәрі жеңіс пе?

Жігітке арман жеткізіп пе еді

Өз сорын өзі жеңбесе.

Өмірдің барлық сәтсіздіктері

Бақытсыздық емес, ендеше!

Фото: Sputnik/Абзал Калиев

Байланысты жаналықтар

Мұхтар Шаханов Мағауиннің қазасына байланысты көңіл білдірді

13.01.2025

Мұхтар Шаханов: Менің жындылығымнан қазақ тілі – мемлекеттік тіл болды

26.11.2024

Ақын Мұхтар Шаханов өлеңдері

22.11.2024

Мұхтар Шахановтың өлеңдері

11.07.2024

Бүгін – ақын Мұхтар Шахановтың туған күні

02.07.2024

Айғайлап шақырдық. Жазушылар одағынан ешкім шықпай қойды

13.12.2021
MalimBlocks
Мұхтар Шаханов Мағауиннің қазасына байланысты көңіл білдірді

Мұхтар Шаханов: Менің жындылығымнан қазақ тілі – мемлекеттік тіл болды

Әлеуметтік желіде ақынның осылай деп айтқан видеосы таралды

Ақын Мұхтар Шаханов өлеңдері

Мұхтар Шаханов - 1942 жылы 2 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Шілік ауылында дүниеге келген. Жеті жылдық мектепті бітірген соң, трактордың тіркеушісі, облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газетінде корректор, әдеби қызметкер, «Лениншіл жас» газетінде оңтүстік облыстар бойынша меншікті тілші, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы, республикалық «Жалын» журналының бас редакторы, т.б. қызметтер атқарды. КСРО халық депутаты, КСРО Жоғарғы Кеңесінің мүшесі, ҚР Халық депутаты болды. 1993-2003 жж. Қазақстан Республикасының Қырғыз республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінде болды. 2003-2004 жж. «Жалын» журналының бас редакторы, әлем ойшылдарының басын біріктіретін «ХХІ ғасыр және Руханият» атты халықаралық элита клубының Президенті. 2004 жылы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болды.

Мұхтар Шахановтың өлеңдері

Мұхтар Шаханов (2 шілде 1942 жылы туған, Түркістан облысы, Төле би ауданы, Қасқасу ауылы) — қазақ ақыны, драматургі. Қазақстан халық жазушысы.

Бүгін – ақын Мұхтар Шахановтың туған күні

Ол Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы Шілік ауылында дүниеге келген.

Айғайлап шақырдық. Жазушылар одағынан ешкім шықпай қойды

Желтоқсан фотосындағы тұмақ киіп тұрған жігіт бұрын-соңды сұхбат бермепті.  Malim.kz сайтына себебін айтты.